Экологиялық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды

21 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Экологиялық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды - 282496616

   БҚО Бәйтерек ауданы прокуратурасымен тексеріс барысында жалпы аумағы 60 га болатын 128 қоқыс үйінділері анықталды.

   Жергілікті атқарушы органдардың тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру, кәдеге жарату және сақтау кезінде экологиялық заңнаманы сақтауын тексеруге Экология департаментінің мамандары шақырылды.

  Ұзақ уақыт бойы қоқыс үйінділерін жою бойынша шаралар қабылданбағаны, полигондардың экологиялық талаптарға сәйкес болмағаны анықталды.

  Мысалы, Достық, Зеленое, Рубежинск, Чеботарев ауылдарында қауіпті қоқыс үйінділері газ құбырларына жақын орналасқан, ал бұл болса қоқыс өртенген жағдайда құбырлардың жарылуы қаупін туғызады. Осылайша Экологиялық кодекстің 222-бабының 12-тармағы бұзылған.

  Дарьинск, Переметное, Щапов ауылдық округтерінің әкімдіктерімен жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шараларын жүргізу үшін тарату қоры құрылмаған (Кодекстің 300-бабының 11-тармағы).

  Щапов, Трекин ауылдық округтерінің әкімдіктері полигондарда құрылыс және коммуналдық қалдықтардың араласып төгілуіне жол берген, бұл Экологиялық кодекстің 292-бабының бұзылуы.

   Ауылдық округтердің әкімдіктері уәкілетті органға қауіпті қалдықтардың паспортын, қалдықтарды түгендеу жүргізу есебін, қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастр ісін тапсырмай, Экологиялық кодекстің 194-бабының талабын орындамаған.

   Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Белес, Дарьинск, Достық, Егіндібұлақ, Железнов, Зеленов, Краснов, Көшім, Макаров, Махамбет, Переметное, Трекин, Чеботаров, Шалғай, Щапов және Янайкин ауылдық округтерінің әкімдіктері ӘҚБтК-нің 344-бабымен (өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге, сарқынды суды ағызуға қойылатын талаптарды бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

   Бұдан бөлек, Экология департаментінің ұйғарымдары негізінде аталған округтердің әкімдері анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауда.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу