Ведомствоаралық кеңес өткізілді

16 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ведомствоаралық кеңес өткізілді - 1820571969

   Теректі ауданының прокуратурасында кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың алдын алу және оларды ескерту бойынша қабылданған шараларды талқыланған ведомствоаралық кеңес өтті.

   Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары М.М. Батырғалиев, полиция бөлімінің бастығы А.Р. Убишев, білім беру бөлімінің басшысы Ж.Ж. Құсайынова және т.б. қатысты.

   2018 жылы және 2019 жылдың өткен кезеңінде кәмелетке толмағандарға қарсы 3 қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде олардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы 2 қылмыс тіркелді.

  Кінәлі тұлғалар бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілікке тартылды, басқа фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

   Мысалы, БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2017 жылғы 6 қарашадағы үкімімен А.М. Джаназаров ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі, 132-бабының 4-бөлігі, 105-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жазаны барынша қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу тағайындалды.

   Сонымен қатар, ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамауына қатысты мәселелер қозғалды.

   Соңғы екі жылда аталған бұзушылықтар бойынша аудан соттары 14 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

   2019 жылғы 26 ақпанда сотпен Ж. есімді азамат ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша (кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау) кінәлі деп танылып, оған 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

   Өйткені, 2018 жылғы 9 желтоқсанда оның кәмелетке толмаған баласы К. есімді тұлғаға тиесілі «ГАЗ-3110» автокөлігін айдап кеткені анықталды.

   ҚК-нің 200-бабы бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру (автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) адамның қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жасқа толмауына байланысты тоқтатылды.

  Кеңес барысында уәкілетті органдардың жұмысындағы кемшіліктер, оның ішінде тиісті өзара іс-қимылдың және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша алгоритмнің жоқтығы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция инспекторларының жетіспеуі аталды.

   Кездесу қорытындысы бойынша аудан прокурорының м.а. Қазбек Жеткергенов уәкілетті органдардың лауазымды тұлғаларына осы санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған нақты міндеттерді тапсырды.

 

Ведомствоаралық кеңес өткізілді - 1503142171
Ведомствоаралық кеңес өткізілді - 1174785027

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу