БҚО прокуратурасының алимент төлемейтіндерге қарсы шаралары

07 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО прокуратурасының  алимент төлемейтіндерге қарсы шаралары - 1387435441

   Батыс Қазақстан облысының прокурорларымен атқарушылық өндірістің негізгі қағидаларын қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар осы саладағы заңдылықты күшейтуге және алимент бойынша проблемалық құжаттарды қысқартуға мүмкіндік берді.

   2018 жылдың басынан бері сот орындаушыларда 9,5 мың. баланың пайдасына алимент өндіру туралы 7,5 мың. құжат болды.

   Прокурорлық қадағалау актілерімен проблемалық құжаттардың саны 3,5 мың. құжаттан 634 дейін қысқарды.

   Тексеріспен уәкілетті органдардың борышкерлерге қатысты шектеу қою шаралары қолданбағаны анықталды.

   Мысалы, 367 борышкер шетелге еш кедергісіз шыққан, 600 борышкердің көлік жүргізу құқығы шектелмеген, 931 тұлғаның мүлкіне тыйым салынбаған, 1,5 мың. борышкердің еңбекақысы мен басқа да табысынан алимент ұсталмаған.

   Бүгінгі күні 1 мың кәмелетке толмағандардың алдындағы бережақ 76 млн. теңгені құрайды.

   Сондай-ақ, борышкерлерді жұмысқа орналастырумен қатар балаларына алимент төлемегені үшін борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда.

   Мысалы, азамат Д. 2016-2018 жылдары кәмелетке толмаған баласын күтіп-бағуға алимент төлемей, нәтижесінде 800 мың. теңгеден астам берешек пайда болған.

   Орал қ. прокуратурасының бастамасымен ол ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 2 рет тартылды, алайда тиісті шешім қабылдамай, алимент төлемеуін жалғастырған.

   Бұдан бөлек, ол қалалық жұмыспен қамту орталығы ұсынған жұмыстан бас тартқан.

   Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен баланы күтіп–бағу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін (ҚК 139-бабы) ол үш жүз сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланды.

   Сондықтан, балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және 2 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін түсіндіреміз.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу