Жазадан құтылмады

17 қаңтар 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

1993 жылдың 22-қаңтарындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы Конвенцияның (Минск конвенциясы) шеңберінде Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен материалдарды уақтылы әрі сапалы дайындаудың нәтижесінде Ресей Федерациясының Бас прокуратурасымен облыстың құқық қорғау органдарына О.Ю.Князев берілді.

Прокуратура органдарымен аталған процедура аз.Н-ге ауыр дене жарақаттарын келтіргені және аса ірі мөлшердегі есірткі затын (героин) өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін Князевті қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында жүзеге асырылды.

О.Ю.Князев 2012 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарынан жасырынып, оның мекен-жайының анықталмауына байланысты іздеу жарияланған болатын, 2012 жылдың желтоқсан айында Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарымен ол Орынбор облысында ұсталды.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен дайындалған құжаттардың негізінде ресей тарабымен О.Ю.Князевті заңмен көзделген қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан Республикасына тасымалдау рәсімі жүзеге асырылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу