Жасөспірімдер- басты назарда!!!

07 желтоқсан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2016 жылдың 25 қарашасында Ақжайық аудандық прокуратурасымен Чапаев ауылындағы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің ғимаратында кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуға және олардың жыныстық қол сұғылмаушылығын қорғау мәселелері бойынша «Балалардың құқығын қорғайық!» жобасын жүзеге асыру мақсатында семинар ұйымдастырылды.

Аталған семинарға ауданның жергілікті атқарушы, құқық қорғау және уәкілетті органдарының басшылары, мектеп директорлары мен психологтар қатысты.

Бұл саланың мән-жайын, шешімін табуды қажет ететін міндеттері туралы аудан прокурорының орынбасары Е.Жаңбырбай таныстырып, атап өтті. Кәмелетке толмағандарды пайдалану деректерін, жағдайы төмен отбасыларын анықтауға бағытталған ауқымды рейдтік шараларымен, түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту, Орал қ. мен Көшім ауылында арнайы мекемелерде тәрбиеленіп жатырған балалардың нақты есебін орнату, ата-аналарға өздерінің балаларына барып тұруды міндеттеу мәлімделді.

«Балалардың құқығын қорғайық!» жобасын жүзеге асыру шеңберінде жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау, құқық бұзушылық пен қылмыс және басқа да теріс қылықтардың жасаудың алдын алуға, жасөспірімдердің құқықтарын қорғауға қатысты көптеген мәселелер қаралды.

Шараның соңында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, аудан прокуратурасымен дайындалған «Біздер өмірді таңдаймыз!» және «Балаларды бірге қорғайық!» тақырыбындағы  әлеуметтік бейнебаяндары көрсетілді.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу