«Жаңақала аудандық прокуратурасымен аудан әкімдігімен ұйымдастырылған қоғамдық қордың заңсыз қызметі тоқтатылды»

19 тамыз 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Жаңақала аудандық прокуратурасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласын тексеру барысында «Қамыс-Самар» қоғамдық қорының заңсыз қызметі анықталып, тоқтатылды.

 2015-2016 жылдары аралығында аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларымен қордың есеп-шотынан әр түрлі мәдени іс-шаралар өткізу үшін ақшалай қаражат алынып, жұмсаған. Аталған қордың шотына қаражаттар кәсіпкерлердің демеуші көмегі ретінде түскен, сондай-ақ бір күндік жалақыларын ауданның бюджеттік мекемелері аударғаны анықталды.

 Аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша аудан әкімінің орынбасары Д.Закаринге, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Меңдіханға мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Б.Карагойшинге БҚО Әдеп жөніндегі кеңесінің ұсынымы бойынша мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар, яғни  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында көзделген басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне құқыққа сыйымсыз араласқаны үшін аудан әкімінің өкімімен қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазалары салынған.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу