«Заңсыз мемлекеттік сатып алудың қорытындысы күші жойылды»

05 қыркүйек 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Тасқала аудандық прокуратурасымен «Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы» МКҚК-ның қызметінде мемлекеттік сатып алудың заңнамасының орындалуына жүргізілген талдау барысында аталған заңнаманы бұзылғандығы анықталды.

Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудың web-порталында 10 109 523 теңгеге «Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының ғимарат жөндеуге қызметін көрсетуге» ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың өткізілетіні туралы хабарламасы жарияланды.

Қорытынды хаттамаға сәйкес «БатысТерминал-Телеком» ЖШС, «СарманИнвестСтрой» ЖШС, «Жайык Сити» ЖШС, «ЖайыкСпецМонтаж» ЖШС, «BRAT.M» ЖШС-нің әлеуетті өнім берушілерінің ашық конкурсқа қатысуы үшін рұқсат берілген.

Конкурс комиссиясы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, яғни конкурсқа қатысушы әлеуетті өнім берушілерімен ұсынылған құжаттарда олардың біліктілік талаптарын сәйкес келетінін растайтын құжаттардың жоқ болуына қарамастан олардың қатысуына жол берген.

Прокурордың наразылығы бойынша 10 109 523 теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бұзылды.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу