Шетелдіктерді шығаруға талаптар енгізілді

29 тамыз 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Шыңғырлау аудандық прокуратурасымен 2015 жылмен 2016 жылдың өткен кезеңіндегі Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңнамасының сақталуына талдау жүргізілді.

 Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңын бұзғандығы, яғни Ресей Федерациясының азаматтарымен ауданның аумағында тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілігіне қарсы бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылықтарын жасағандығы анықталды.

 Аудан прокуратурасымен Шыңғырлау ауданының ішкі істер бөліміне заң бұзушылықтарды жою туралы енгізілген ұсыныс нәтижесінде Ресей Федерациясы азаматтары И. Козырев пен Т. Березинаға қатысты аудан сотына аталған тұлғаларды Қазақстан Республикасының тыс жерге шығару талабы берілді.

 Талап арыз қарау сатысында.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу