Прокурорлық ықпал ету актісі негізінде мемлекет пайдасына ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындары өндірілді

25 тамыз 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сырым аудандық прокуратурасымен ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өндіру төлемдерінің бюджетке толықтай және уақтылы түсуіне талдау жүргізілді. 

Талдау нәтижесінде ҚР Жер кодексінің 105-бабында белгіленген 6 ай мерзімін бұза отырып, жер пайдаланушыларымен 10 988 738 теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өндiрiсi шығындарын өндірмегені анықталды.

Аудан прокурорының аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне енгізілген ұсынысы бойынша екі жер пайдаланушыларымен 10 988 738 теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу