«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 16 интернет-казиноның қызметіне тыйым салынды»

19 тамыз 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Орал қ. прокуратурасымен  Қазақстан Республикасының аумағында интернет – казино туралы ақпарат бар 16 сайттың таратылуына тыйым салынды.

«Ойын бизнесі туралы» Заңның 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында интернет-казинолардың қызметіне тыйым салынады.

Аталған норманы бұза отырып, шетелдік интернет көздеріне, яғни 16 сайтқа: ikvulkan3.com/, casinohan.com, flamingocasino.kz, vegas.stavkinasport111.com, casino.stavkinasport111.com, riobet-ru.com, mc-lotos.safe-iplay.com,  gmslots-play-online.com, www.freebetslots.ru, deluxe-sloty.com, casinogrand.kz, 777-avtomati.com, videoslotsonline.ru, sloti.com, onlinegambling.kz, kasino-korona.com Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданушылардың еркін қолдары жетімді және интернет-казино орналастырылған.

Орал қ. прокурорының 16 өтініші бойынша Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімі заңнамалық актілерге қайшы келеді деп танылып, еліміздің барлық аумағында тыйым салынды.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу