Прокурордың ықпал ету актісімен 149 миллион теңге мемлекет кірісіне өндірілді

02 ақпан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бөрлі аудандық прокуратурасымен қоршаған орта және оның ресурстарын ұтымды пайдалану туралы заңнамасының қолданылуын қадағалау тұрақты түрде жүргізілді.

Қадағалауды жүзеге асыру барысында, уақтылы жүргізілген мониторингтің нәтижесінде «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» компаниясының өз еркімен газды жағу, құрамында күкіртсутегі бар суды шығару деректері анықталды, кейін аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша экология департаментімен компанияға 149 657 389 теңге айыппұл салынды, ол 2016 жылдың 15 желтоқсанында толығымен өндірілді.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу