Прокурордың ұсынысы бойынша шара қабылдамау, оған уақтылы жауап бермеу әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеледі.

05 қыркүйек 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақжайық аудандық прокуратурасымен жер пайдаланушыларымен ауылшаруашылық жерлерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай және жер заңнамасын бұза отырып, пайдаланылып жатырған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында, Ақжайық аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Мақашевтың атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді.

Алайда, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Ж.Мақашев тиісті шаралар қабылдаған жоқ, сондай-ақ енгізілген прокурорлық ықпал ету актісіне уақтылы жауап бермеген.

Осыған байланысты, аудан прокуратурасымен оған қатысты ҚР  ӘҚБтК-нің 664-бабы бойынша  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, Ақжайық аудандық сотымен істі қарау нәтижесінде ол 8 АЕК түріндегі әкімшілік айыппұл төлеу жазасына тартылды.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу