Прокурордың наразылығымен мемлекеттік сатып алулардың күші жойылды

18 ақпан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Теректі ауданы прокурорының наразылығымен баға ұсынымдарын сұрату тәсілімен ЖЖМ-ды мемлекеттік сатып алулардың күші жойылды.

30.01.2013ж. «Ақжайық а/о әкімінің аппараты» ММ-мен мемлекеттік сатып алулар веб-порталында көлемі 112 литр, құны 134.960 теңге болатын, яғни 1 литр үшін 1 205 теңге, «АИ-92 бензинін» сатып алу туралы хабарландыру жарияланған.

Бұл ретте, ҚР Үкіметінің 02.03.2012ж. №286 Қаулысымен бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі, соның ішінде Аи-92 маркалы бензин бар, бекітілген.

02.10.12ж. ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының №249-ОД бұйрығымен Аи-92 маркалы бензинді сатуға 110 теңге көлеміндегі баға белгіленген.

«Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға бағытталған бәсекелестікке қайшы іс-әрекеттеріне тыйым салынады және олар жарамсыз деп танылады.

Прокурордың наразылығымен көлемі 112 литр, құны 134.960 теңге болатын «АИ-92 бензинін» сатып алу туралы №10876043 лотпен көзделген сатып алуларға қатысты Ақжайық а/о әкімінің 05.02.13ж. №5 өкімі заңсыз ретінде бұзылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу