Прокурордың наразылығымен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бұзылды

25 қаңтар 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Сырым ауданының прокуратурасымен мемлекеттік органдармен және кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына үнемі мониторинг жүргізіледі. 

Анықталғаны, «Сырым ауданының демалыс орталығы» МКҚК-мен 14.01.2013 жылы мемлекеттік сатып алу Веб-порталында №17044609 лот бойынша жоспарланған 5 259 296.35 теңгеге 53,35 тонна «Қысқы жанар май» сатып алу жөнінде №3358911 хабарландыру орналастырылған.

Осы хабарландыруға жалғанған құжатта, баға ұсыныстарын сұрату арқылы сатып алу туралы хабарламада көрсетілген мерзімге дейін мөр басылған конвертте баға ұсыныстарын «Сырым ауданының демалыс орталығы» МКҚК-на (Жымпиты а., Қазақстан көш., 10)  беру көзделген (4-тармақ).

Сонымен қатар, осы тармақта әрбір әлеуетті өнім беруші 9 тізімнен тұратын мәліметтер мен құжаттары бар әлеуетті өнім берушінің мөрі (болған ретте) және қолымен бекітілген тек бір баға ұсынысын табыс етуі көрсетілген.

Алайда, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 31-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген мәліметтерді қамтитын бiр ғана баға ұсынысын табыс етуге құқылы, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

Өз кезегінде, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №623 қаулысымен бекітілген, «Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларының» 77-тармағына сәйкес, әлеуеттi өнiм берушi баға ұсынысын ұйымдастырушыға веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушының электрондық хабарландыруда көрсеткен баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғанға дейiн ұсынады.

Заңның 31-бабының 3-тармағымен көзделгендей, баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын автоматты түрде ашуды және шығаруды жүргізеді.

Сондықтан, Заңмен және Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларымен әлеуетті өнім берушілердің ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің мекен-жайы бойынша құжаттарды (баға ұсыныстарын) қағаз жүзінде табыс етуі көзделмеген.

 

Сонымен бірге, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 12-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық болып табылады.

Жоғарыда аталғанды ескеріп, аудан прокуратурасының наразылығы бойынша аталған мемлекеттік сатып алулар бұзылды.

Сонымен қатар, аудан прокуратурасының ұсынысымен «Сырым ауданының демалыс орталығы» МКҚК-ң кінәлі тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды (басшысы, заңгер,бухгалтер).

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу