Прокурор Сізбен байланыста!

22 ақпан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының азаматтарының мемлеттік билік органдарына жүгінуі – олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құралы ғана емес, мемлекеттің істерін басқаруға тікелей қатысудың нысаны болып табылады.

А.ж. 21 ақпанында Ақжайық ауданының прокуроры Орал Монтаев аудандық прокуратураның ғимаратында тұрғындармен және заңды тұлғалар өкілдерімен тікелей байланысқа шықты. Аудан тұрғындарның тарапынан жалпы17 қоңырау келіп түсті.

Негізінен ауыл тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық қатынастары, алимент өндіру жөніндегі сот актілерінің орындалмай қалуы, жолаушы таситын көліктердің жол қозғалысы ережесін бұзуы,  құжаттандыру және т.б. мәселелеріне қатысты жүгінді.

  Мысалы, аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасымен Чапаев ауылындағы ЖООБМ № 1  мектепке ыстық тағам беруді ұйымдастыру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің бұзылуына байланысты, Р. Сағитов ЖК-не қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттаманың толтырылған, соңғы бұл әрекетпен келіспей аудан прокурорының «тікелей байланысына» жүгінді.

Аудан прокуроры арыз иесінің барлық уәждерін есепке ала отырып, аталған дерек бойынша егжей-тегжейлі тексеріс жүргізуді тапсырды. Оның нәтижесінде тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің процестік нормалар өрескел бұзыла отырып хаттаманы толтырылғаны анықталды, осылайша арыз иесінің уәждері расталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 10-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған тұлға өз кiнәсi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және өз өкiлеттiктері шегiнде iстi қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшiне енген қаулысымен белгiленгенге дейін кiнәсiз деп есептеледi.

Аталған хаттамаға аудан прокуратурасымен наразылық енгізілді. Қазіргі уақытта сотта қарау сатысында.

Аудан прокурорымен аудан орталығынан алыс тұратын тұрғындар үшін «тікелей байланыс» пайдалы екендігі атап өтілді.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу