Орал қаласының белгіленбеген жерлеріне қалдықтарды жүйелі түрде төгу фактілері анықталды

21 ақпан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен азаматтардың өтініштерін тексерудің нәтижесінде, ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы №788 қаулысымен бекітілген «Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесін» бұзып, Орал қаласының белгіленбеген жерлеріне қалдықтарды жүйелі түрде төгу фактілері анықталды.

Аталған Ереженің 7-тармағына сәйкес, су бұру жүйелерiне қосылмаған тұтынушылардың шығарылатын коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсiптiк сарқынды суларын қабылдау жабдықталған төгу пункттерiнде жүргiзiледi.

Сондай-ақ, 2.04.03-85 ҚНжЕ 4.61-тармағымен кәріз жүйесі жоқ аудандардан сарқынды суларды қабылдау төгу станциясы арқылы жүзеге асырылатындығы көзделген. 

Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының ұсынысы бойынша БҚО Экология департаментімен өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу, сарқынды суды ағызып жiберу талаптарын бұзғаны үшін 4 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 261-б. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу