«Мемлекеттің кірісіне әкімшілік айыппұлдарды өндіру бойынша шаралар қабылданды»

24 тамыз 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Орал қ. прокуратурасымен жеке сот орындаушыларын және Орал қ. Ішкі істер басқармасының қызметкерлерін тарту арқылы 2016 жылдың тамыз айының 15- 25 күндері аралығында мемлекет кірісіне өндіру туралы атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған акция өткізілуде.

Акцияның барысында қабылданған шаралармен тек 3 күннің ішінде мемлекеттің кірісіне 1,5 млн.теңгеден астам сомма өндірілді.

Сонымен қатар, сот актілері мен уәкілетті мемлекеттік органдардың қаулыларын орындамағаны үшін 8 борышкер айыппұл салу түріндегі жауапкершілікке тартылса, ал 6 борышкерге қатысты сотпен әкімшілік қамауға алу түріндегі жазасы қолданылды.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу