Қателік құны – өмір

26 мамыр 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Теректі ауданының соты адам өліміне әкіліп соқтырған жол-көлік оқиғасына кінәлі К.Хамидуллинді екі жыл жарым мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

«Шымкент-Самара» тас жолының 236 шақырымында «УАЗ-390945» маркалы автокөлік тізгінін ұстап келе жатырған К.Хамидуллин жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, өзіне қарсы бағыттағы «ГАЗ А64r45-50» автокөлігіне соқтығысып, «УАЗ» автокөлігінде отырған жолаушы С.Қалиев алған жарақаттарынан сол күні облыстық клиникалық ауруханада көз жұмды. Отбасы асыраушысы мен әкесінен айырылды.

«ГАЗ» көлігінің жолаушысы ауыр жарақаттанды.

Сот алдында К.Хамидуллин өзінің кінәсін мойындады. Дегенмен, зардап шегушілер жағынан оған кешірім  болмағандықтан, екі жыл жарымға бас бостандығынан айырылды.

Жол қозғалысы кезінде өте мұқият болыңыз, жүру тәртібі ережелерін бұлжытпай сақтаңыз. Сәл қателік не бұзушылық біреудің немесе өзіңіздің өміріңізде орыны толмас қайғылы жағдайларға әкеліп соғуы әбден мүмкін.  Үкім заңды күшіне енді.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу