Қалалық прокуратурамен азаматтардың еңбек құқықтары қорғалды

21 ақпан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Орал қаласының прокуратурасымен еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізу барысында анықталғаны, «ЖайықЖарығы» ЖШС-де (Орал қ. ТҮКШБ ММ-не ведомстволық бағынысты құрылым) 2012 жылдың желтоқсан айына 105 қызметкердің алдында жалпы сомасы 7 616 000 теңге берешек қалыптасқан.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес, әркімнің еңбегі үшін сыйақы алуына құқығы бар.

ҚР Еңбек кодексінің 134-б., 1-б. сәйкес, жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді.

Прокурормен енгізілген ұйғарымның негізінде 2012 жылдың желтоқсан айындағы жалақы толығымен төленіп, 105 қызметкердің конституциялық құқығы қорғалды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу