Есірткі заттарын өткізгені үшін сотталды.

29 желтоқсан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылдың 13 желтоқсанындағы үкімімен Орал қ. тұрғындары есірткі заттарын жасаумен айналысқан қылмыстық топты құрғаны және қатысқаны үшін мүлкі тәркілене отырып, 10 жылдан 16 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Іс бойынша жүргізілген тергеумен 2015 жылдың қарашасынан бастап 2016 жылдың сәуір айына дейін Орал қаласында олармен құрылған ұйымдасқан топтың құрушысы Б.Бапаев Орал қаласының тұрғыны С.Ковригинді заңсыз есірткі заттарын өткізуге тартады. Соңғы, «кептірілген марихуананы» бөлек-бөлек алғаны, өзімен бірге сондай-ақ тұратын үйінде сақтағаны, кейін өткізу үшін Д. Красновқа, А. Душакаевқа, Р.Батталовқа жолдағаны, ал бір бөлігін өзі сатқаны анықталды.

Жедел шараларды жүргізу барысында С. Ковригинмен, Д.Красновпен, А.Душакаевпен есірткі заттарын өткізу деректері тіркелді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу