Бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын-алу бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.

19 қаңтар 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Зеленов ауданының прокуратурасымен 13.01.2017 жылы бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын-алу бойынша уәкілетті органдардың өзара іс-қимылдары және бөтеннің мүлкін ұрлаудан сақтау бойынша ведомствоаралық жоспардың орындалуы бойынша аудан прокуроры жанындағы ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Аталған кеңеске жергілікті атқарушы органдар, аудандық ІІО ЖПҚ-нің жеке құрамы, ветеринариялық қызметтер мен басқада уәкілетті органдардың қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.

Кеңестің нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органмен аудандық ІІО-ның ЖПҚ-нің учаскелік полиция қызметкерлеріне тұрғын-үй, қызметтік көлік сатып алу және Мичурин, Асан ауылдарында бейне бақылау камераларын сатып алуға және орнату бойынша келісімге келді.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен халық арасында бөтеннің мүлкін ұрлаудың негізгі тәсілдері туралы кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталды.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу