Балалардың құқықтары қорғалды.

30 наурыз 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

А.ж. ақпан айында Жәнібек аудандық прокуратурасымен кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық қолсұғушылықтың жолын кесу, ескерту және анықтау мақсатында барлық мектеп оқушылары арасында анонимді сауалнама жүргізілді.

Сауалнамамен Т.Жароков атындағы ЖББО мектебі, №1 ЖББО мектебі, Ғ.Абдуллин атындағы ЖББО мектебі және Ұзынкөл атындағы ЖББО мектеп оқушыларына қатысты, ақшаны қорқытып алушылық деректеріне жол берілгендігі анықталды.

Қорқытып ақша алушылық деректері кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайына апаруы мүмкін.

Анонимді сауалнама нәтижесінде аудан прокуратурасымен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтармен зорлық-зомбылықты болдырмау және өз-өзіне қол жұмсау деректеріне жол бермеу мақсатында, ақпаратты тексеріп, шара алу үшін Жәнібек АІІб-і басшысына ақпараттық хат жолданылды.

Аудан прокуратурасының ақпараттық хаты бойынша Тау ауылындағы Ғ.Абдуллин атындағы ЖББО мектебінде 7 оқушыға қатысты қорқытып ақша алушылық дерегі анықталып, жолы кесілді.

Тергеу нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жасөспірім ақталмайтын негізде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Кәмелетке толмағанның ата-анасы кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы). 

Сонымен қатар, Ғ.Абдуллин атындағы ЖББО мектеп бөлмесінің ішінде оқушылар арасында қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жол  бергені үшін  аудан прокуратурасымен заң бұзушылықтарды жою туралы аудандық білім беру бөлімі және аудандық ішкі істер бөлімі басшыларының атына ұсыныс еңгізілді. Нәтижесінде мектеп директоры, мектептің 6 педагог қызметшісі тәртіптік жауапкершілікк тартылды.    

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу