Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібін бұзу фактілері анықталды

29 қаңтар 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Шыңғырлау аудандық прокуратурасымен Шыңғырлау жалпы орта білім беру мектебі (әрі қарай-ЖОББМ) мен Қылышев атындағы ЖОББМ-ді тексеру барысында «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңы (әрі қарай-Заң) талаптарының бұзылғандығы анықталды.

Мәселен, Қылышев атындағы ЖОББМ-де азаматтардың 14 өтінішін тіркемеуден көрініс тапқан Заңның 7-бабын өрескел бұзушылықтар анықталды.

Заңның 9-бабының талаптары бұзылып, аталған өтініштер мәні бойынша қаралмаған.

Шыңғырлау ЖОББМ-де тіркелмеген және мәні бойынша қаралмаған 22 өтініш анықталды.

Заңның 13-б., 1-б. сәйкес, мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемінде бір рет тиiстi мемлекеттік органның басшысы бекiтетiн қабылдау кестесiне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге мiндеттi.

Алайда, аталған мектептерде азаматтарды қабылдау кестесі жасалмаған, азаматтарды қабылдау жүзеге асырылмайды.

Аудан прокурорының ұсынысы бойынша Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімі бастығының бұйрығымен мектеп директорлары К.Есенов және Г.Жумабаеваға қызметіне толық сәйкес келмейтіні туралы ескерту берілді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу