Аймақтың экологиялық қауіпсіздігі тұрақты бақылауда

21 ақпан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен облыстың экологиялық қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін заңнаманың қолданылуына тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында, ҚР Экологиялық кодексінің (әрі қарай-Кодекс) 69-бабын бұзып, атмосфералық ауаны санкциясыз ластау және облыстың 19 кәсіпорнымен қалдықтарды орналастыру фактілері анықталды.

Кодекстің 321-б., 1-б. сәйкес, экологиялық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар өздері келтірген залалды өтеуге міндетті.

Бұл ретте, Кодекстің 322-б., 7-б. сәйкес, зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаны әкімшілік жауапкершіліктен босатпайды.

БҚО Экология департаментіне енгізілген табиғат қорғау прокуратурасының ұсынысын қараудың нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-ң 243-б. бойынша 19 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бүгінгі күні қоршаған ортаға келтірілген, жалпы сомасы 7 122 430 теңге зиян өтелді: «Батыс Энергон» ЖШС- 76 946 теңге, «Отау –АЛАН» ЖШС - 6 711 теңге, ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК  - 309 075 теңге, «Облыс әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы» ЖШС - 170 662 теңге, «Уральскннефтегазгеология» АҚ - 6 465 934 теңге, «Батыс Су Арнасы» ЖШС -  937 631 теңге, «Жайықжылуқуат» АҚ - 93 102 теңге.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу