«Алимент төле»

25 тамыз 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Тасқала ауданының прокуратурасы алименттерді өндіруде қоғамды тарту мақсатында  ағымдағы жылдың  тамыз айының 17  күні аудандық ішкі істер бөлімі, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, Тасқала аудандық әділет басқармасы мен «Намыс» қоғамдық бірлестігімен жастар орталығы ресурсының мамандарымен бірлесе отырып, «Алимент төле» атты акциясы өткізді.

Акцияның өту мақсаты: қоғамды алименттерді өндіру бойынша күрделі мәселесіне тарту.

Акция барысында халықтың көпшілігі жиналатын мекемелерде рейдтік-үгіт насихат акциясы, алимент өндіру және төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді анықтау және олардың алимент өндіру үшін «Алимент төле» атты парақтарды тарату арқылы өткізілді.

Бұдан басқа, алимент өндіру және төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге қатысты ҚР ӘҚБтК 669 бабы және ҚК-нің 139 бабында көрсетілген жауапкершіліктер көзделгені туралы түсіндірілді.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу