«Заңсыз төленген жалақы мемлекет пайдасына қайтарылды».

28 шілде 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Бөкей ордасы ауданының прокуратурасымен аудан аумағында еңбек заңнамасының қолданылуына тексеріс жүргізіліп, оның барысында бірнеше заң бұзушылықтар орын алғандығы анықталды.

 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (Бұдан әрі-Кодекс) жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүзеге асыруға тиіс. Жұмыс істелген уақыт құрамында нақты жұмыс істелген жұмыс уақыты және жұмыс уақытына жатқызылатын өзге де уақыт кезеңдері есепке алынады деп көрсетілген.

 Сонымен қатар, Кодекстің талаптарына сәйкес қызметкердің айлық жалақысының мөлшері орындалатын жұмыстың санына, сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.

 Алайда, тексеріс барысында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызметтік автокөліктерімен жұмыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағынан шығып, оларға жалақыны заңсыз төлену фактілері анықталды. Яғни, жұмыс уақытының тәбілінде қызметкер жұмыста болған деп көрсетілген.

 Мысалы: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің №2036 әскери бөлімінің мәліметіне сәйкес, 2015 жылдың шілде айының 17-19 күндері аралығында Сайқын ауылдық округінің әкімі Б.Насимуллин Ресей Федерациясының Волгоград қаласына барып келген. Бірақ, жұмыс уақытының тәбілінде өзі жұмыста болғанын көрсетіп заңсыз 24 040 теңге мөлшерінде жалақы алған.

 Аудандық прокуратурамен аталған заң бұзушылық бойынша аудан әкімінің атына ұсыныс енгізіліп оны қарау нәтижесінде Б.Насимуллин материалдық жауапкершілікке тартылып, заңсыз алған жалақысын мемлекет пайдасына кері қайтарған.

 Аудандық прокуратурамен басқа органдарға 12 ұсыныс жолданды, оны қарау барысында 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, ұсыныстарды қарау нәтижесінде материалдық жауапкершілікке 18 тұлға тартылды, олармен заңсыз алынған 268 546 теңге жалақы бюджетке қайтарылды.   

Аудан прокуроры

кіші әділет кеңесшісі                                                                    Н.Байменов

«Орал өңірі» 28.07.2016 ж