«Мемлекеттік сатып алу барысында туындайтын даулардың қаралуы»

18 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Мемлекеттік сатып алу барысында туындайтын даулардың қаралуы» - 413808541

Мемлекеттік сатып алуға қатысты даулар заңды тұлғалардың арасында туындауына байланысты Азаматтық процестік кодекстің 27-бабының талаптарына сәйкес мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттармен қаралады.

Осы саладағы азаматтық істердің басым көпшілігі әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, мемлекеттік сатып алу қорытындыларын даулау, мемлекеттік сатып алу шарттарын бұзу, тұрақсыздық айыбын өндіру және тағы басқа талаптар бойынша қозғалады.

Аталған санаттағы істердің 90%-н тапсырыс берушілер ретінде мемлекеттік органдармен өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талаптар құрап, басым көпшілігінде өнім берушілердің тарапынан заң бұзушылықтар дәлелін табуына байланысты, тапсырыс берушінің талап арыздары сотпен толығымен қанағаттандырылады.

Алайда, қанағаттардырусыз қалдыру туралы сот шешімдері де жоқ емес. Оның негізгі себептерінің бірі тапсырыс берушілермен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен көзделген 30 күн ішінде сотқа жүгіну талабының сақталмауы болып табылады. Сонымен қатар, сотпен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №5 Нормативтік қаулысының 5-тармағының талабы да ескеріледі, оған сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасалған шарттар бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талаптарды қарау кезінде соттар әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып, өнім берушінің кінәсін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздемесі және тапсырыс беруші үшін туындаған жағымсыз салдар ретінде назарға алулары қажет.

2019 жылдан бастап мемлекеттік сатып алу заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тапсырыс берушілерге сотқа жүгіну тәртібін қайта қарауға мүмкіндік берген болатын, яғни «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабына сәйкес егер өнім беруші тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуі, шарттық міндеттемелерді толық орындауы, тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы жағдайларын қоспағанда ғана тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, сотқа осындай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып жүгінуге міндетті.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алудың басты талабы тараптардың арасында міндетті түрде шарттың жасалуы болып табылады және шартсыз мемлекеттік органдарға тауар жеткізіп, қызмет көрсетуге немесе жұмыстар атқаруға тыйым салынады.

Өз кезегінде, прокуратура органдарымен мемлекеттік сатып алуға қатысты дауларды қараудың сот тәжірибесіне үнемі талдау жасалып, уақытылы ықпал ету шаралары қабылданып отырады.