«Қылмыстық айыппұл – сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күрестің жаңа түрі»

08 шілде 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазіргі заманда еліміздің құқықтық саласындағы басты мақсаттардың бірі қылмыстық заңнаманы ізгілендіру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті - елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050»  Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке Қылмыстық және Қылмыстық-іс жүргізу заңнамаларын реформалауды бастауды тапсырған болатын.

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап өз күшіне жаңа кодекстер енді: Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық, Қылмыстық-атқару және Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы.

Бұл маңызды заңнамалық актілерді қабылдау қылмыстық іс жүргізудің жүйесін жандандырып, біздің құқығымызды жаңа салаға алып шықты.

Шындығында, қылмыстық саясатты ізгілендіру, оның ішінде бас бостандығынан айырудан басқа жаза түрлерін тағайындау, қылмыстық құқық ғылымы үшін және оны қолданушығада қажет нәрсе.

Бас бостандығынан айыру жазасына альтернативтісі ол – айыппұл. Ол көптеген шетелдік мемлекеттерде қолданылады. Өзге елдің тәжірибесінде қолданылған шара бізде бар проблемаларды шешудің ыңғайлы тәсілі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа Қылмыстық кодекстің қабылдануымен айыппұлда көп салына бастады. Кодекске сай, ол қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр санына сәйкес келетiн мөлшерде не пара сомасына немесе құнына еселенген мөлшерде тағайындалатын ақшалай өндiрiп алу.

Мысалға пара алғаны үшін (ҚК 366 бабы) сотталушы пара сомасының 50-ден 80-ге дейін еселенген мөлшерінде айыппұлмен жазаланады. Ал бұл қылмысқа қарсы өте жақсы тежегіш фактор.

Батыс Қазақстан облыстық сотымен 2012-2015 жылдары шығарылған айыппұл түріндегі қылмыстық жазаны тағайындау туралы үкімдердің тәжірибесі 2015 жылғы 1 қаңтардан күшіне енген Қылмыстық кодекстің негізінде айыпұл саны артқанын көрсетеді. Барлық салынған айыпұлдың 82% тек былтырғы жылға келеді.

Экономикалық жағынан айыппұл мемлекетке пайда түсіреді – бюджет толып отырады, және сотталушыны түрмеде ұстауға арналған шығындар болмайды.

2012-2015 жылдары облыстың соттарымен 286 үкіммен барлығы 332 млн.теңге болатын айыппұл салынған. 1 айлық өз еркімен төлеу мерзімінде 77 сотталушымен 178 млн.теңге айыппұл төленген.

Соттың мәжбүрлеп орындатуға жіберген атқару парақтарының негізінде, сот орындаушыларымен жалпы сомасы 154 млн.теңгеге 209 атқарушылық өндіріс қозғалып, оның 19 млн.теңгеге 69 өндірісі толық орындалған.

2016 жылдың басында сот орындаушыларда 134 млн.теңгенің 140 үкімі орындауда болды.

Осы статискалық мәліметтерге сай, Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасымен ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Әділет департаментінде және оның аумақтық бөлімдерінде тиісті тексеріс жүргізіліп, оның нәтижесі облыс прокурорының төрағалығымен өткізілен Батыс Қазақстан облыстық заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінде қаралды.

Анықталғаны, барлық тағайындалған айыппұлдар толық орындалмаған. Сондықтан, жазаның осы түрі өзінің негізгі мақсатына – әлеуметтік әділдіктің орнауы мен сотталушының түзелуіне жетпеген.

Тексеріспен төленбеген айыппұлды жазаның бас бостандығынан айыру түріне ауыстырмау, шетелге шығу құқығын шектемеу, сотталғандардың мүлкін тәркілемеу және айыппұлды ай сайын бөліп төлеу заңбұзушылық фактілері анықталды.

Қабылданған прокурорлық қадағалау актілері сот орындаушыларының жұмысын жандандыруға және бюджетке 57 млн.теңге өндірілуіне ықпал етті, ал 2015 жылы олармен бар болғаны 12 млн.теңге өндірілген болатын.

Ең басты себеп, теледидар мен басылымдарда үш борышкерге қатысты төленбеген айыппұлдарды бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру болды, оның ішінде екеуі 7 жылға, біреуі 6 айға жазаланды.

Содан кейін басқа борышкерлер тез арада төлемей жүрген айыппұлдарын бюджетке аударды.

Мысалға, төрт борышкермен сот орындаушысының айыппұлды бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысымен танысқаннан кейін тезарада барлығы 18 млн.теңге төленді.

Бұл шаралар өз еркімен айыппұлды төлегендердің санын 2015 жылғы 27%-дан 2016 жылғы 48%-ға дейін көтерді, және сот орындаушылардың уақытын үнемдеуге көмектесті.

Облыс прокуратурасымен сот актілерінің жалпыға міндеттілігі мен мемлекеттің материалдық жағдайын қорғау қатаң бақылауға алынды және де осы сала бойынша Бас прокуратураға қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жолданды.

Батыс Қазақстан облысы

прокурорының аға көмекшісі

1 сыныпты заңгер                                                  Бауыржан Закиұлы АХМЕТЖАН

«Құқықтық Қазақстан» республикалық газеті 8 шілде 2016 жыл