Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының тарихы және қол жеткізген жетістіктері

29 қараша 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Республиканың прокуратура органдары 25 жыл ішінде бірнеше өзгерістер мен қайта құруларды басынан кешірді. Қалыптасуындағы ең бірінші құжат бұл Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынысты прокуратура органдарының біртұтас жүйесін құру туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Президумының 1991 жылдың 6 желтоқсанындағы қаулысы болып табылады.  Дәл осы күні біздің кәсіби мерекеміз тойланады.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының құрылу тарихы түрлі оқиғаларға бай. Орал губерниялық прокуратурасы 1922 жылдың тамыз айындағы Қырғыз ОАК-нің 2-шақырылымының 3-сессиясының қаулысымен құрылды, оны И.Мустамбаев басқарып, біздің өңіріміздегі прокуратура органдарының құрылуына өзінің зор үлесін қосты. Кейін прокуратура бірнеше өзгерістерді басынан кешіріп, соңында 1932 жылдың наурызында Батыс Қазақстан облысында облыстық прокуратурасы құрылды.

Прокуратура қызметкерлері Ұлы Отан соғысы жылдары да өздерінің батырлығы мен ерлігін көрсетті. Бұл 1-ші Балтық бойындағы майдандағы ұрысқа қатысқан Мукатип Ажханов. Соғыстан кейін 1946 жылы ұлттық тергеуші, Жәнібек және Чапай аудандарының прокуроры, ал 1971 жылдың наурызынан 1978 жылдың қыркүйегі аралығында облыс прокуроры қызметін атқарған.  Прокуратураның құрметті қызметкері, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Ол атақты кәсіби-заңгерлердің саңлақтарын тәрбиеледі, олар әлі күнге дейін прокуратура органдарында қызмет етіп жүр. Ол туралы естеліктерді мәңгі есте сақтау мақсатында облыс прокуратурасының басшылығы мен Орал қ. ардагерлер Кеңесінің өтінішхаты бойынша ол өмірінің соңғы жылдары тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды.

Фашистермен күрестегі ерлігі үшін Иван Степанович Гапич Жеңіс алаңында парадқа қатысты, И.Степанович аудан прокурорының көмекшісінен облыс прокурорының орынбасарына дейін лауазым атқарған тұлға.

 Облыстық прокуратура органдарының бастамашылығымен,  Орал қ. мәслихатының шешімімен БҚО прокуратурасының ардагері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы И.Гапичке «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасын И.Евдокимов., Ш.Жиенкулов., И.Николаев., К.Акжаров., Т.Ибраев., М.Сычев., К.Сепетов., Н.Жогин., С.Ивашина., Н.Смагулов., М.Ажханов., А.Исабеков., А.Балкин., К.Талипов., К.Ахметов., Б.Сарбасов., М.Пакирдинов., Б.Мамытов., А.Карим., С.Үмбеталиев., З.Лақпаев., Г.Тоғизбаев., Д.Байтұқбаев., С.Қараманов  басқарды. Осы тұлғалардың барлығы заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту үшін адал еңбек етіп, жас заңгерді тәрбиеледі.

Қазіргі уақытта біздер осы жетістіктерді жалғастырып, бірқатар оң нәижелер көрсете алдық.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы «Мемлекеттік қызметте – мемлекеттік тілмен» мемлекеттік тілді меңгеру бойынша республикалық байқауда бас жүлдеге ие болды. Прокуратура органдарының ең үздік қызметкерлерінің Пуліне облыс прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының бастығы А.Кенжеғалиев қосылды.

Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен «Құрмет грамотасы» мемлекеттік наградасымен облыс прокуратурасының басқармасының бұрынғы бастығы, Н.Колпакова марапатталды.

Жекелеп алғанда, әлеуметтік-экономикалық саласының заңдылығын қадағалау бойынша сыбайлас-жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Прокурорлық тексерістердің нәтижесінде облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы Жангалиев 15,4 млн.теңге бюджет қаражатын иеленгені үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласында бейімделген сотталушылардың дәстүрлі емес діни ағымдағы діндестерімен кездесулерін ұйымдастыру арқылы профилактикалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жүргізіліп отырған алдын-алу жұмыстары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен оң бағаланды.

Кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Облыс прокуратурасының бастамашылығымен  «БҚО Ауғанстан ардагерлер Одағы» ҚБ-мен бірлескен «Жігер» қиын тәрбиеленетін балалар үшін жыл сайынғы әскери-патриоттық лагері құрылды.

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуын қадағалау барысында республика бойынша алғаш рет жұмысшыларға жалақыны бірнеше рет уақтылы төлемегені үшін ҚР ҚК-нің 148-бабының 3-бөлігі бойынша «Металлоизделия» Бірлескен кәсіпорны» ЖШС-нің директоры А.Павловке мемлекеттік органдарда және коммерциялық ұйымдарда басқарушылық функцияларын атқару құқығынан 2 жыл мерзімге  айыру жазасы тағайындалған айыптау үкімі енгізілді.

Халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының қолданылуына жүргізілген тексеріспен жұмыс берушілердің жұмыспен қамту орталықтарына бос жұмыс орындарының бар екендігі туралы 1,8 мыңнан астам хабарламау деректері анықталды. Ықпал ету шараларымен жол берген заң бұзушылықтары үшін ҚР ӘҚБтК-нің 98-бабы бойынша 77 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 175 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Көрсетілген тексерістің нәтижелері облыс прокуратурасының алқа отырысында қаралды, сондай-ақ оң нәтиже ретінде Бас прокуратурамен таратылды. 

Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігімен табиғат қорғау прокуратурасының ұсынысын қарау нәтижесінде «Грин Ақсай» ЖШС-нің белгіленбеген жерлерде қауіпті өнеркәсіп қалдықтарын заңсыз төгу деректерінің алдын алу бойынша шара қабылдамағаны үшін Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Е.Сапаров атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау саласы құқық қорғау органдарының қызметінде жаңа қылмыстық және қылмыстық –процестік заңнамалардың дұрыс қолданылуы, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекетке келтірілген залалдың орнын толтыру, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және тұрғындардың прокуратура органдарына деген сенімін арттыру мәселелеріне  басты назар аударуда.

А.ж. тамыз айынан бастап облыс прокуратурасымен жеке меншікті қорғау және мүлік ұрлығына қарсы күрес, мал ұрлығымен күрес бойынша жобалар әзірленді және олар жүзеге асырылуда. Бұл жауапты мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдарға қадам бойынша шаралар қабылдауға, сондай-ақ жоспарланған кезеңде ұрлықтың өсу-кему үрдісін байқауға өз септігін тигізеді.  

Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету, сот актілерінің заңдылығын қадағалау саласында атқарылған жұмыстар оң нәтижелерге ие болды. Соңғы үш жыл ішінде облыс соттарында күрделі қылмыстық істерге нүкте қойылғанын назарға алған жөн.

Республика бойынша алғаш рет қоршаған ортаны бұрғылау қалдықтарымен және атмосфералық ауаны  қауіпті қалдықтармен ластаумен байланысты қылмыстар бойынша айыптау үкімдері енгізілді. 3 тұлға сотталды, мұнай өндіретін компанияның директоры прокурорлардың талабы бойынша мемлекетке 2,5 млрд.теңгеге экологиялық залал, 1,5 млрд.теңге мемлекет бюджетіне ақшалай эквивалентте өндірілді.

Экологиялық қылмыстар бойынша орын алған сот тәжірибесі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен оң нәтиже ретінде таратылды.

Облыс прокуратурасының атқарушылық іс жүргізу, әкімшілік және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалауын жүзеге асыру кезінде мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғау және азаматтардың қонституциялық құқықтарын сақтау саланың басты бағыттары болып табылады. Облыс прокуратурасының, әділет органдарының, полиция және жеке сот орындаушыларының белсенді қатысуымен а.ж. 3 тоқсанында «Борышкер» атты акция өткізілді, оның барысында 10 млн.теңге айыппұл бойынша қарыз өндірілді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен борышкердің үй жануарын өндіріп алушының пайдасына алу бойынша ұсынысы қолдау тапты.

Бүгінгі көрсеткіштер бір немесе бірнеше адамдардың еңбегі емес, бұл барлық топтың, облыстық және аудандық звеноның еңбегі болып табылады. Облыс прокуратурасының барлық қызметкерлері бұдан әріде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша уақытылы шаралар қабылдап, мемлекеттің бірлігімен тұтастығын табандылықпен сақтап, қылмыспен принципті күресетініне нық сенімдімін.

Батыс Қазақстан облысының прокуроры

3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі

Сапарбек Айтуұлы Нұрпейісов