Атқарушылық өндіріс жүйесінің жетілдірілуі – азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың кепілі

06 тамыз 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында атап өтілгендей әлемнің дамыған 30 елініңқатарынаұмтылыскезіндебізгезаңныңүстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет қажет.

Елбасы "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында сот актілерін орындаумен байланысты жағдайды түбегейлі өзгерту туралы тапсырма қойды.

Осыған орай, мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі іс  - шаралардың жалпыұлттық жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспарға сәйкес, әділет, прокуратура органдарына және Жоғарғы Сотқа сот актілерінің орындалу жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобаларын дайындау міндеті жүктелді.

Сот актілерін орындаудың тиімді жүйесін қалыптастырудың тетігін таппай азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекет тарапынан қорғауға конституциялық кепілдікті қамтамасыз ету мүмкін еместігі мәлім. Сот актісінің орындалуы сот өндірісінің қорытынды сатысы болып табылады. Осы сатыда ғана бұзылған немесе даулы құқықты іс жүзінде қорғау жүзеге асырылады. Азаматтармен сот билігінің тиімділігін және заң ықпалын сезінуі атқарушылық іс жүргізудің сапасына байланысты.

Бүгінгі таңда қалыптасқан көрініссот актілерін қолтықтаған өндіріп алушылардың оның орындалмауы және қасақана борышкерлерге қатысты сот орындаушыларының шарасыздығы сынды проблемаларға кезігетіндігін куәландырады.

Бұған, әрине, себеп көп.

Алдымен, бұл – сот орындаушыларына түсетін ауыртпалық. Тек соңғы бес жылдың шегінде ғана атқарушылық құжаттардың саны екі есеге ұлғайса, ал сот орындаушыларының штаты керісінше қысқарған болатын.

Екіншіден, материалдық қамтамасыз ету деңгейінің төмендігі.

Үшіншіден, заңнаманың жетілдірілмеуі, қоғамдағы құқықтық негилизм және өзге де факторлар.

Борышкердің материалдық жағдайы жақсы болған ретте сот шешімінің орындалу ықтималдылығы жоғары. Ал, егер оның мүлігі болмаса қиындық туындайды. Және бұл жерде сот шешімінің орындалуына борышкердің өзі мүдделі болатындай ықпал ету тетіктерін қолдану маңызды.

Сондықтан да, Бас прокуратурамен Әділет министрлігімен бірлесіп жағдайды түбегейлі өзгертуге бағытталған шаралар қабылданды. Ол үшін атқарушылық өндіріс жүйесін жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық және заңнамалық шаралар әзірленіп, жүзеге асырылды.

Атқарылған жұмыстың жемісі ретінде 28.01.2014 жылы заңды күшіне енген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң болды.

Енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәні келесіде:

Мәселен, Қылмыстық заңнамада:

- аталған заңмен сот актісін орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуда әкімшілік преюдиция енгізілді, яғни әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға дәл сол құраммен кейін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

- бас бостандығынан айыру түрінде санкция енгізілу арқылы заңды күшіне енген сот актілерін орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қатаңдады. Егер бұрын борышкер бір жыл бас бостандығын шектеумен «құтылса», ал бүгінгі таңда ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

- айыппұл түріндегі сакнция алынып тасталды, өйткені жазаның осы түрін қолдану барысында ықпал ету шараларының қандай да болсын тиімділігі сезілмейді, борышкер сот актісінен өзге, қылмыстық іс бойынша салынған айыппұлды да орындамайды, ал ол өз кезегінде тағы да бір орындалуы екіталай атқарушылық өндірістің қозғалуына себеп болады.

- Қылмыстық кодекстің 40, 136, 362 баптарының диспозициясынан «қасақана» ұғымы алынып тасталынды, өйткені аталмыш ұғым борышкерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүмкіндік бермейді.

Азаматтық іс жүргізу заңнамасында:

- соттарға талап арызды қамтамасыз ету жөніндегі ұйғарымды тікелей тіркеуші органдар мен ұйымдарға жолдау міндеті жүктелді. Соттың ұйғарымы барлық мемлекеттік органдармен, ұйымдармен міндетті түрде орындалуға жатады, осыған орай, ұйғарымның тікелей тіркеуші органға немесе ұйымға жолдануы оның орындалу барысын жеңілдетіп, талапкердің құқығын жедел түрде қорғауды қамтамасыз етеді;

Атқарушылық іс жүргізу органдарының өкілеттігін кеңейтуге қатысты бөлігінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске айтарлықтай өзгерістер енгізілді.

ӘҚБтК-тің бірқатар баптары атқарушылық іс жүргізу органдарының құзыретіне берілді, олар – сот орындаушысының қаулысын және өзге де заңды талаптарын орындамау (ҚР ӘҚБтК-нің 525-бабы),борышкер болыптабылатын адамның жұмыс орны мен тұрғылықтыжерінің ауысқандығы туралы сот орындаушысынахабарламау(ҚР ӘҚБтК-нің 526-бабы) және атқарушылық құжатты жоғалту(ҚР ӘҚБтК-нің 527-бабы).

- атқарушылық өндіріс саласындағы заң бұзушылықтар үшін санкцияның мөлшері ұлғайды. Әкімшілік айыппұл 20-дан 150 АЕК – ке дейін көбейді.

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңда:

- «ерікті орындау» ұғымы алынып тасталынды, ол өндірісті қозғаған соң борышкерге қатысты бірден мәжбүрлі шараларды қолдануға, борышкердің атқарушылық санкцияны төлеуден жалтаруының және жемқорлықтың алдын алу сынды проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

- «Борышкерлердің бірыңғай тізімі» ақпараттық жүйесі енгізілді. Бұл іс жүзінде «қара тізім» болып табылады, оған борышкерлердің енгізілуі олар үшін күнделікті өмірде үлкен қолайсыздықтар тудырады, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуге шектеулер қойылып, арнайы құқықтардан айырылады.

- сот актілерін орындамаған ретте борышкерлерді рұқсат және арнайы құқықтарынан айыру мүмкіндігі көзделген. Мәселен, сот орындаушысы Заңның 39-бабымен көзделген мерзім өткен соң, ал алимент өндіру туралы атқарушылық өндірістер бойынша борыш қалыптасқан ретте, борышкерге лицензия, рұқсат және арнайы құқық беруді уақытша шектеу, сондай – ақ бұрын берілген рұқсат, құқықтардың әрекетін тоқтату туралы ұсыныстысотқа жолдайды.

Сондай-ақ, Заңның 125-бабында (Борышкердің атқарушылық құжаттарды орындамағаныүшін жауаптылығы және оның салдары)атқарушылық құжаттың талаптарын уақтылы орындамаған жағдайда,борышкерден мерзімі өткен әрбір күн үшін өндіріп алу сомасының0,1 пайызы мөлшерінде өсімпұл өндіріп алынады.

Заңды тұлғаның лауазымды тұлғасына ҚР-ның шегінен шығуға тыйым салу туралы норма енгізілді, ал бұрынғы заңнама бойынша аталған шектеу тек борышкер – жеке тұлғаға қатысты қолданылған болатын.

Заңға енгізілген өзгерістермен борышкердің бірқатар міндеті де көзделген.

Өз кезегінде, борышкер үш жұмыс күні шегінде сот орындаушысына жұмыс орнының, тұрғылықты мекен – жайының және орналасқан жерінің өзгеруі, сондай-ақ табысының жаңа көздері және мүлкі туралы хабарлауға міндетті. Атқарушылық өндіріс аяқталғанға дейін айына бір рет, ал шақырған ретте сот орындаушысына келуге міндетті, келмеуі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Атқарушылық іс жүргізу заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жаңадан құрылған жеке сот орындаушылар институтын назардан тыс қалдырмады.

Енді жеке сот орындаушыларының өндірісіне мемлекеттен, мемлекетке және аффилиирленген заңды тұлғаларға елу не одан көп пакет акциялары тиесілі заңды тұлғаларданөндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардан өзге барлық атқарушылық құжаттар қабылданады.

Заңмен жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеудің дифференциялық ставкасы енгізілді, оған сәйкес орындау сомасына және түріне қарай үштен жиырма бес пайызға дейінгі мөлшерде белгіленеді, ол жеке сот орындаушыларының сомасы төмен өндірістерді қабылдауына қызығушылығын тудырады.

Сонымен қатар, келесідей жаңалықтар енгізілді:

- атқарушылық өндірістегі медиация процедурасы. Енді өндіріп алушы және борышкер орындау барысында туындайтын дауды өздері реттей алады;

- сауда – саттықты өткізудің электронды тәсілі, адами факторды жойып, жемқорлықтың туындау тәуекелін азайтады.

Ұйымдастырушылық шаралардың шеңберіне өзге мемлекеттік органдардың потенциалы тартылды. Қазіргі уақытта олар өздерінің құзыреті шегінде сот орындаушыларына актілерді орындау барысына көмек көрсетеді. Бас прокуратураның қолдау көрсетуі арқылы Әділет министірлігімен 15 бірлескен бұйрықдайындалып, өзара бірлесіп жұмыстану бағытының әр сатысы айқындалды. Және бұл жұмыс қазіргі уақытта өз жемісін беруде.

Жалпы, бүгінгі таңда қолданылып жатқан шаралар мәжбүрлі орындау жүйесін жақсартуға және оны дамытуға жаңа серпін беруге бағытталған.

Бөрлі ауданының прокуроры

Қ.Амралин