Ұлыбританияның азаматы П.Д.Барухқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша баспасөз ақпараты

06 тамыз 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қаңтар айында азаматша В.Брызгина оның 2001 жылы туылған, кәмелеттік жасқа толмаған қызы Тинаны «Шағала» қонақ үйінің бөлмесінде жалаңаш күйінде белгісіз ер адам суретке түсіргені туралы хабарлама түсірді.

Полиция қызметкерлерімен оқиға орнына барған кезде күдікті тұлғаның шетел азаматы екені белгісіз болды, кейін анықталғаны ол Ұлыбритания елінің азаматы – Барух еді. Аталған факті оқиға орны болған бөлмені заң талаптарына сәйкес кейінге қалдыруға болмайтын жағдайдағы уақытылы, мәжбүрлі түрде қарау арқылы анықталған болатын. Сонымен қатар, азамат Барухтың орыс тілін білетіндігі белгілі болды.

Қонақ үйдің бөлмесін қарау барысында Барух ноутбукты және компьютер флешкаларын микротолқынды пеште өртеу арқылы жоюға тырысқан.

Осы факті бойынша қазіргі уақытта Орал қаласы полициясымен ҚР ҚК 124-бабының 3-бөлімімен және 273-1 бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.

Басқа да кәмелеттік жасқа толмаған жәбірленушілердің бар екендігі анықталды.

Жәбірленушілердің табылған суреттері  жүргізілген сараптаманың қорытындысына сай порнографиялық және эротикалық сипаттағы  суреттер болып табылды.

Прокуратураның наразылығы бойынша аппеляциялық инстанциямен күдікті тұлға Барухпен   шағымдалған оқиға орнын  қарау хатттамасын заңсыз деп тану туралы қалалық соттың шешімі бұзылды.Сонымен қатар, облыс прокурорымен оны қамауға алу туралы нұсқау берілді, осылайша 7 ақпан күні Барух ҚР ҚК-ның 132-бабымен Орал қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ол сот санкциясына ұсынылатын болады. 

 

В.И.Каркуланы өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша баспасөз ақпараты

2014 жылдың қаңтар айының 13 күні Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының аумағында 3 белгісіз адаммен «Каркула В.И.» шаруа қожалығының басшысы, облыстық маслихаттың депутаты Каркула Валентинаға қарақшылық жасалған болатын, нәтижесінде кәсіпкер Каркула басына атылған оқтың салдарынан қаза болды, ал жұбайы ауыр жарақат алған.

Осы қылмыстың бетін ашу мақсатында полиция қызметкерлерінің тергеу тобымен көптеген жұмыстар атқарылды. Тергеушілер мен полицияның жедел қызметкерлері уақытпен санаспай екі аптаның үстінде далалық жағдайларда қылмысты ашу мақсатында ауыл тұрғандарын жауаптады.

Облыстық прокуратура мен ішкі істер Департаментімен бірлескен шаралар нәтижесінде 2014 жылдың 6 ақпанында ҚР ҚІЖК-нің 132-бабына сәйкес 1985 және 1978 жылы туылған екі азамат ұсталып, Орал қаласы ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған азаматтар өз кінәларын мойындау туралы жауаптарын беруде. Ұсталған азаматтардың біреуінің автокөлігінде  қылмыс құралы табылды.

Анықталған мән-жайлар бойынша қылмысқа қатысы бар деген 3-ші адамды іздестіру шаралары жүргізілуде

Тергеу мақсатында қамалған адамдардың аттары жария етілмейді.  

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу