Теректі ауданының прокуроры А. Бисқалиевтің қатысуымен өткізілген брифинг

13 сәуiр 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның «Ұрлыққа тосқауыл» жобасы, облыс әкімімен Меншік құқығын қорғау және жеке меншік мүліктерінің  ұрлануымен  күресу бойынша ведомствоаралық Жоспар мен Мал ұрлығына қарсы тұру бойынша Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде аудан прокуратурасымен өкілетті мемлекеттік органдармен бірлескен, ведомствоаралық кеңестер өткізілді, бұқаралық қолжетімді орындарында (ХҚКО, ауруханалар, мектептер, әкімдіктер) тақырыптық бейнебаяндар көрсетіледі.

Селолық округтарда, дүкен, мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық орындарда плакаттар, хабарландырулар ілінді, қапсырмалар мен ескертпелер таратылды. Мәдениет үйі жанындағы жүгіртпелі  жолақта ұрлықтың алдын алу шаралары түсіндірілген мәтіндер орналастырылды. Жастар арасында флешмоб өткізіліп тұрады.

Заңбұзушылықты жою туралы 3 ұсыныс енгізілді, оның нәтижесінде 2 селолық округ әкімдері мен ветеринария бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды.

Осындай жүйелі жұмыстар нәтижесінде І тоқсан қорытындысында аудандағы қылмыстық жағдай жақсарды. Қылмыс көрсеткіші 48,5 пайызға, 163-тен 84 оқиғаға азайды.  Ауыр қылмыстар 50 пайызға, яғни, 8-ден 4 оқиғаға азайды. Орта дәрежедегі қылмыс 32,5 пайызға, 80-нен 54 оқиғаға түсті. Жеңіл қылмыстар 41,2 пайызға, 17-ден 10 көрініске, соның ішінде ұрлық - 27,8 пайызға -49 (68), мал ұрлығы 5 (11), ұялы телефон ұрлау 61,1 пайызға, 18 көріністен 7 көрініске түсіп, төмендеді.

Жер заңнамасының қолданылуын сараптау барысында мақсатқа сай емес ұсталған  ауыл шаруашылығы жерін қайтармаудың 6 оқиғасы, ауылшаруашылығы шығынын өтемеген 3 шаруашылық анықталды.

Қазір жер телімдерін мемлекет қорына қайтару және анықталған соманы мемлекет кірісіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2015-2016 жылдар аралығында ауылдық  жерге  денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамту, мәдениет, спорт және агроөндіріс кешені саласына келген мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету шарасы ретінде берілген бюджет қаражатының қайтарылуына мониторинг жасау  барысында жалпы сомасы 7 525 606 теңге қаражатты қайтармай отырған 76 тұлға анықталды.  Осыған байланысты аудан әкімдігіне ұсыныс енгізілді. Қазір оның 638 000 теңгесі бюджетке қайтарылды.

  «Мүлдем төзбеушілік қағидатының» орындалуын талдау барысында мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік заңнамалар нормаларын бұзуға жол бергені анықталды. Осыған байланысты аудан әкімі атына ұсыныс енгізіліп, оның нәтижесінде отырыс өткізіліп, 4 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ветеринария туралы заңнамалардың қолданылуын талдау кезінде Қазақстан Республикасы аумағынан МІҚ экспортқа шығаруға сертификаттың  заңсыз берілгені анықталды. Істің қаралуы нәтижесінде аумақтық ветиринарлық инспекцияның лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерінің Этикалық кодексі нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Және де, жергілікті атқарушы органдарда жүргізілген аудиторлық есеп берумен танысу кезінде аудандық прокуратура бастамасымен мемлекеттік сатып алу заңнамалары талаптарын бұзған 4 ауылдық округ әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірігіп өткізілген кәмелетке толмағандар құқығын қорғау мақсатындағы рейдтік шаралар нәтижесінде 3 баланы тәрбиелеп отырған, жағдай төмен отбасы анықталды. Бала тәрбиелеудегі міндетін атқармай жүрген анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  отбасы есепке алынынды.

Кәсіпкерлер құқығын қорғауды сараптау кезінде, жергілікті атқарушы органдардың қызметінде мемлекеттік қызмет көрсету аясындағы заңнамалар талабын орындау мәселесіндегі бұзышылықтар анықталды. Яғни, кәсіпкерлерден заңнамада көрсетілмеген құжаттар сұратылған. Осы жұмыс нәтижесінде 2 маман тәртіптік жаза алды.

«Алименттер.  Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын жүзеге асыру барысында прокуратура қасақана алимент төлемей жүрген азаматтарға әкімшілік шаралар қабылдады. Үш ай ішінде ӘҚ Кодексінің 669 бабына сәйкес 12 борышкер әкімшілік тұтқынға алу түрінде жауапқа тартылды. Алимент төлеуді уақытылы атқармай жүрген 50 адаммен әңгімелесу жүргізілді, оның нәтижесінде 7 адам жалпы көлемі 430 мың теңгеден  астам  борышын төледі.

Сондай-ақ, мемлекет кірісіне төлем берешегін талап ету, соның ішінде әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмысын белсенді жүргізілді. Осы көрсетілген уақыт ішінде іс-қимыл актісі бойынша мемлекет кірісіне  262 764 теңге ( 2016 жылдың І тоқсанында – 259 460 теңге) кіріс салынды.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу