«Өтініш (арыз) –мемлекеттік қызметшінің индикаторы» жобасы туралы өткізілген брифинг

13 сәуiр 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазіргі таңда мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен «Өтініш (арыз) –мемлекеттік қызметшінің индикаторы»  бірлескен жобасы қолға алынды.

Бұл жоба барлық өкілетті органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тиімді, объективті, жан-жақты және уақытында қаралуына бағытталған.

Айта кететін жайт, кейде азаматтар өтініште аталған мәселені қарауға құзырлы емес органдарға жүгіну немесе тікелей бірден жоғары тұрған органға шағымдану арқылы өздері келеңсіздіктер тудырып, созбалаушылыққа салып жатады. Осының салдарынан мұндай арыздар мен шағымдарды тиісті органға жолдау және қарау үшін қосымша уақыт шығындалады.

Талданып отырған мерзімде прокуратура органдарымен басқа ведомстволарға 640 өтініш жолданылған, бұл барлық қаралған өтініштердің 41%-ын құрайды.

Мұндай жағдайдың қалыптасуының себебі, көптеген азаматтар басқа мемлекеттік органдарға деген сенімін жоғалтып, өздерінің бұзылған конституциялық құқықтарын қорғауды сұрап, прокуратура органдарына жүгінуді жөн көреді.

Сондықтан осы жоба бойынша атқарылатын шаралар жоспарының бір тармағы ретінде сотқа шағымданудың оң аспектілерін халыққа кеңінен насихаттау қарастырылған.

ҚПК 106-бабына сәйкес, прокурор, тергеу немесе анықтау органдары қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты құқықтары мен бостандықтары бұзылған кез-келген тұлға сотқа шағымдануға құқылы.

Шағымдардың сотта қаралуының оң аспектілеріне тоқталар болсақ:

1. Мемлекеттік органдардың шешімдеріне қатысты тиімді шағымдану. Арыз беруші үшін оң нәтиже қабылданған жағдайда, сот шешімі жедел орындалуға жатады.

2. Шағымдарды қарау мерзімдерінің тығыздығы. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңға сәйкес өкілетті органдар 30 күнтізбелік күнде шешілсе, тергеу судьясы даулы мәселені сот отырысын өткізбей-ақ, 3 тәулік ішінде шеше алады, бұл мәселенің қаралуын 10 есе арттырады деген сөз.

3. Мән-жайларды жете анықтау қажет болған жағдайда тергеуші судья шағымды тиісті тұлғалар мен прокурорды қатыстыра отырып, 10 тәулік ішінде шеше алады.

4. Сот қажетті материалдарды тез сұрата алады. Соттың сұрауы бойынша әрекеті немесе әрекетсіздігіне қатысты шағым жасалған лауазымды тұлғалар қажетті материалдарды сотқа 3 тәулік ішінде ұсынуы тиіс.

5. Өз пікіріңді қорғап шығу мүмкіндігі. Сот отырысының әр қатысушысының пікірін тергеу судьясы мұқият тыңдап шығып, хаттамаға енгізеді.

Осылайша, шағымдардың сотта қаралуының тиімділігін жоғарыда аталған фактілер көрсетіп отыр.

 Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу