Облыс прокуратурасының жобалары туралы

16 наурыз 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен 2016 жылдың 2 жарты жылдығынан бастап көкейкесті мәселелерді шешу үшін жобалық тәсіл белсенді пайдаланылуда.

2016 жылдың тамыз айынан бастап облыс прокуратурасы мен облыс әкімдігі және басқа уәкілетті органдармен бірлескен 8 жеке жобасы мен Бас прокуратураның 10 жобасы жүзеге асырылуда.

Бұл жаңа бетбұрыс қоғамның прокуратура органдарына деген сенімін, имиджі мен беделін көтеруге ықпал ететіні сөзсіз.

Ұтымды тәсілдерді қызметте пайдалану, идеялар мен ойлардың жүзеге асуына, күш-жігерімізді стратегиялық мақсаттарымыздың орындалуына бағытталуына мүмкіндік берді. Бұл тұрғындармен оң қабылданып, өзінің нәтижесін беруде.

Өңірімізде жүзеге асырылып жатқан келесі жобаларға тоқталып өтсем.   

Елбасымен айқындалған тапсырмаларды іске асыру мақсатында 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап өңірімізде қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік органдар үшін барометр болып табылатын «Әлеуметтік шиеленіс ошақтары картасы» (бұдан әрі-Карта) жобасы жүзеге асырылуда.

Картаның жұмысы Қазақстан Республикасының Президентінің Әкімшілігімен оң бағаланды. Бұл карта жаңартылып, БҚО әкімі мен прокуроры бекітеді. Болжамды шиеленіс ошақтары уақтылы Картаға енгізіліп, оларды шешу үшін жүйелі жұмыстар жүргізіледі.

Осы күнге дейін 8 өзекті мәселелер шешіліп, Картадан алынды.

Оған нақты мысал ретінде, Ақсай технология колледжінің жұмысшылары апатты жағдайда тұрған жатақханадан вахталық қалашыққа көшірілуі, Бөрлі ауданының Бестау және Березов ауылдарының 82 отбасы (416 адам) Ақсай қаласындағы жаңа көпқабатты 2 үйге орналасуы, Магистральный ауылының тұрғындарының (3 мыңға жуық) «Western Munai Gas LTD» ЖШС-нің қызметімен байланысты әлеуметтік шиеленісінің жойылуы, облыс орталығында қоғамдық көлікке тарифтің өсуіне жол берілмеуін айтуға болады.

2016 жылдың тамыз айынан бастап «Балаларға қатысты жыныстық қылмыстарға қарсы іс-қимыл» жобасы іске асырылуда.

Жоба азаматтардың құқықтық мәдениеті мен санасын, сондай-ақ ата-ананың жауаптылығын арттыруға бағытталды. Аталған қылмыстардың саны 29,4% азайды.

 «Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл» Жобасы шеңберінде 140-тан астам бейнебақылау камералары орналастырылды, жылдың соңына дейін 202 бейнебақылау камерасын орналастыру жоспарлануда. Осылайша ұрлық 5% азайды. 80-нен астам үйлер домофондар қамтамасыз етілді. Күзетілетін 5 автотұрақ ашылды. 3-мыңнан астам бос жұмыс орындары ашылды. 1500-ден астам мұқтаж отбасыларына көмек көрсетілді. Қылмыстың ашылуы 45-тен 58-ге дейін көбейді.

Келесі жоба - «Мал ұрлығына қарсы іс-қимыл» (2016 жылдың тамызынан бастап-2017жылдың 1 тоқсанына дейін). Жайық өңірінің тұрғындары үшін мал шаруашылығы экономика саласының басты бөлігі болып табылады. Тек соңғы үш жыл ішінде облыс аумағында 2295 мал ұрлығы тіркелген.

Жоба шеңберінде 500 мыңға жуық малдардың паспортталуы аяқталды, орталықтандырылған жайылым ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыстар және т.б. профилактикалық шаралары жасалды. Өткен жылмен салыстырғанда ұрлықтың саны 18% төмендеді. Қылмысың ашылуы 18 % -ға көбейді.

Қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық күрделі мәселелерді шешуге бағытталған «Табиғатты бірге қорғайық»  жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Жобаның мақсаты- қадағалау саласына жаңа инновациялық нысандар мен әдістерді енгізу болып табылады.Жобаның іске асуы экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді.Былтыр жобаның нәтижесінде тұтыну қалдықтарын 100 мың. тоннадан 87 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік берді,Өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратудың көлемін арттыру арқылы экологияға келтірілетін залал 72 % төмендеді.2017 жылдан бері «Өзіңнен баста» (мүлдем төзбеушілік қағидаты), «Киік қорғау» жобалары бектіліп жүзеге асырылуда.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу