Қылмыстық жазасын өтеудегі және қамауға алынған, ұсталған тұлғалар құқығының сақталуын, халықаралық келісім-шарттардың қолданылуын қадағалау қорытындылары туралы баспасөз ақпараты (Орал қаласы, 6 ақпан 2014 ж.)

06 тамыз 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастыққа енуі елімізге және прокуратура органдарына  қылмыспен күрес мәселесі бойынша таяу және шет елдердің шетелдік серіктестерімен тиімді түрде әрекет етуге және халықаралық келісім-шарттардың қолданылуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Халықаралық келісім-шарттардың сақталуына прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету мен қылмыспен күресуде Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы да айтарлықтай өз үлесін қосуда.

Осылайша, 2013 жылдың өткен кезеңіне облыс прокуратурасымен халықаралық келісім-шарттардың, ұлттық заңнаманың ережелеріне сәйкес қылмыстық істер, қылмыскерлерді іздестіру және ұстап беру, оларды қылмыстық қудалау жөнінде құқықтық көмекті көрсету мәселелері бойынша прокурорлық қадағалаудың тиімділігін қамтамасыз ету шаралары алынды. 

Мысалы, осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында мәлім болғандай Ресей Федерациясының Самара қаласында  кәсіпкер Байғуанышев Аман Қадырболатұлын өлтіргені үшін облыстың құқық қорғау органдарымен іздестіріліп жатқан Губзаев Хасан Лёмаевич ұсталды. Аталған қылмыс 2013 жылдың ақпан айында Орал қаласының 2-ші жұмысшы ауданындағы «Березка» дүкенінің маңында орын алған.  

Облыс прокуратурасының алған шараларымен қазіргі таңда Губзаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бізбен ол Ресей елінің азаматы болғандықтан, қылмыстық ізге түсуді жалғастыру үшін Ресей Федерациясының Бас прокуратурасына  жолданды.  

Сондай-ақ, 2013 жылы «Нұржанар» АҚ акцияларын сатып алуда Қазақстанның азаматтарына қатысты алаяқтық жасағаны үшін Ресей елінің азаматы Бежинді айыптау бойынша қылмыстық іс  Ресей Федерациясына жолданды. 

Жалпы 2013 жылы облыс  прокуратурасымен шетел азаматтарын қылмыстық қудалауды жалғастыру үшін шетел мемлекеттерінің уәкілетті органдарына 7 қылмыстық іс жолданды.  Істер олардың құқық қорғау органдарының өндірісіне қабылданды, алдын ала тергеу жүргізілуде.  Осы істердің бірі бойынша айыптау үкімі шығарылды. Осылайша, РФ Шешенстан Республикасының Гудермесск қалалық сотының  27.06.2013 жылғы үкімімен С.Абалаев РФ ҚК  мемлекет пайдасына өндіріп алумен 40 000 рубль мөлшеріндегі айыппұл түрінде жаза тағайындау арқылы  228-бабының 1-бөлімімен (есірткілік заттардың заңсыз айналымы (ҚР ҚК 259-бабының 2-бөлімі) қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танылды.

Облыс аумағында 2013 жылы 6 шетел азаматының ұсталғандығын атап өткен жөн, оларды іздестіру шетел мемлекеттерінің құқық қорғау органдарымен жүзеге асырылды. Прокуратураның  талабы бойынша осы тұлғалар сотпен экстрадициялық түрде қамауға алынды, кейін олар тиісті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін  азаматтығы тиесілі елге прокуратурамен   экстрадицияланды.  

Мысалы, БҚО аумағында ұсталған және облыс прокуратурасымен Ресей Федерациясына берілген Ресей елінің азаматы Бегерстанов Орынбор облыстық сотының 28.06.2013 жылғы үкімімен  кісі өлтрігені үшін 12,6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өз кезегінде ТМД елдерінің уәкілетті органдарымен облыс  прокуратурасы талаптарының негізінде облыстың құқық қорғау органдарымен іздестіріліп жатқан Қазақстанның азаматтары – 6 қылмыскер БҚО-на экстрадицияланды.

Мысалы, іздестіріліп жатқан азамат Р.Елеусінов Саратов облысында ұсталып, 2013 жылдың қаңтар айында БҚО-на экстрадицияланды.

Р.Елеусінов  «Blak & White»  түнгі клубында  кісі өлтіру мақсатында   кіреберісте тұрған  күзетшілер мен басқа да тұлғаларды шолақ мылтықпен атуда айыпталған, бірақ өзінің қылмыстық ойын аяғына дейін жеткізбей қылмыс орнынан бой тасалаған. Одан кейін клубқа келген үш кісі «Облыстық клиникалық аурухана» МКҚК-на жеткізілген.

 Сот сарапшыларының қорытындысы бойынша клубқа келушілердің біреуіне бас сүйегіне ауыр деңгейде  өмірі үшін  қауіпті жарақат  келтірілген.

Сот үкімімен Р.Елеусінов қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеумен 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Сонымен қатар, 2013 жылы  прокуратура органдарымен қылмыскерлерді іздестіру және экстрадициялауға жұмсалған бюджеттік қаражатты өндіріп алу бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Осы мақсаттарда 2013 жылы прокуратурамен соттарға 2,3 млн. теңге сомаға 9 талап арыз берілді.  

Мысалы, 2011 жылы Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған азамат Е. Украинада ұсталды. Аталған тұлғаны Киев қаласынан Астана қаласына авиакөлікпен экстрадициялау Бас  прокуратура мен ҚР ІІМ «Сұңқар» арнайы тобы қызметкерлерімен іске асырылды.  

Аталған қылмыскерді іздестіру мен жеткізуге мемлекеттік бюджеттен 600 мың теңгеден астам қаржы жұмсалды, бұл қаражат облыс прокурорының талап арызы бойынша соттың шешімімен аталған тұлғадан өндіріліп алынды.

Осы жағдайға ұқсас прокуратураның экстрадициялық шығындарды  азамат М-нан өндіріп алу туралы 500 мың теңгеден астам сомаға тағы бір талап арызы  соттың қарауында.

Қорытындылай келе айтарым, қылмыскерлер  қылмысты жасағаннан кейін жасырынуына қарамастан құқық қорғау органдары іздестіру нәтижесінде оларды анықтап, ұстайды және заңмен белгіленген тәртіпте қылмыстық жауапкершілікке тартады, себебі алыс және таяу шет елдердің құзіретті органдарымен  халықаралық келісім-шарттардың шеңберінде тиісті жұмыс  пен ақпарат алмасу мәселесі қажет деңгейде жолға қойылған.

*****

2013 жылдың 12 айында өткен жылмен салыстырғанда 1,5 еседен көп заң бұзушылықтар 492 (343), соның ішінде 127 (40) -  3 еседен астам сотталғандардың конституциялық құқықтарының бұзылуы анықталды, 66 (61) ұсыныс, 12 (10) ұйғарым енгізілді, тәртіптік жауапкершілікке 83 (80) лауазымдық тұлға тартылды, уақытша қамауға алу изоляторынан прокурормен 4 (1) тұлға босатылды.

Қамауда ұстау орындарындағы жедел жағдай тұрақты болып қалып отыр, сотталғандармен аштық жариялау, қашып кету жағдайлары орын алған жоқ.

Өзіне зақым келтірудің 9 (8) фактісіне жол берілді, оның ішінде  74 (0) тұлғаның қатысуымен  4 (0) топтасқан зақым келтірушілік жасалды.

20.08.13 жылы РУ-170/2 меекемесінде орын алған  жағдай бойынша 62 сотталған тұлға  өзіне зақым келтірушілік актісін жасады, ҚР ҚК 360-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды 25.11.13  жылы ол сотқа жіберілді.

Мекеме қызметкерлерінің арнайы құралдарды рұқсатсыз пайдалануы нәтижесінде  соталғандардың конституциялық құқықтарының бұзылуы мен қашып кету фактілері  орын алған жоқ.

Сонымен қатар, уақытша ұстау изоляторларына заңсыз  қамауға алу фактілері анықталды, оның ішінде ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 4 (2012 ж. - 1) тұлға босатылды.

Азаптауға қарсы тұруға бағытталған заңнаманың сақталуы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 12 айына прокуратура органдарына қылмыстық істі қозғаудан бас тартқан арыз-шағымдар келіп түсті,   кейбіреулері басқа прокуратура органдарына жіберілді және  тергеуге дейінгі тексерістердің материалдарына тіркелді.

Осылайша, 22.10.13жылы сотталған Б-ға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша  ҚР ҚК 141-1 бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, ҚР Бас Әскери прокуратурасына жіберілді. 

С.Жалиевтің ісі бойынша

23.12.13 жылы соттың үкімімен сотталған С.Жалиевтен 450 мың теңге мөлшерінде пара алған РУ 170/2 мекемесі бастығының орынбасарлары  Ахметов  А.С., ВалиевМ.М., сондай-ақ жедел қызметкерлер С.Габдушев пен  О.Мухтаров                         8 жылға бас бостандығынан айырылды.

29.11.13 жылы ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының бұйрығымен РУ 170/2 мекемесінің бастығы  атқарып отырған лауазымынан босталды.

«Еңбек-Орал» РМК

2013 жылдың 4-ші тоқсанында  облыс прокуратурасымен «Еңбек» РМК  «Еңбек-Орал» БҚФ (бұдан әрі РМК БҚФ) әкімшілігімен ағымдағы жылдың қыркүйек айына 38 сотталған тұлғаға берілуі керек жалақының 2013 жылдың                    11 және 24 қазанында  ғана төленгендігі анықталды. 

Сонымен қатар, 2011-2013 жылдары 33 сотталған тұлғаға 2,7 млн. теңгеге жуық мөлшерде  тиісті үстемеақы төленбеген. 

Облыс прокуратурасының ұсынысы бойынша 3 сотталған тұлғаға 76,5 мың теңгеден астам мөлшердегі сома төленді, ал қалған 30 босатылған сотталушыларға қайта есептеу жүргізілді.  

18.11.13 жылы «Еңбек» РМК және  «Еңбек-Орал» РМК БҚОФ директоры  еңбек заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

РУ-170/3 мекемесі

2013 жылдың 4-ші тоқсанында облыс прокуратурасымен 2013 жылдың                       9 айына РУ 170/3 мекемесі (бұдан әрі Мекеме) колониясының қызметіндегі заңдылықтың жағдайына тексеріс жүргізілді.

«Еңбек-Орал» РМК БҚФ 2013 жылы заңды тұлғаның 25 арыз-шағымы қараусыз қалғандығы және тиісті жауап берілмегендігі анықталды. 

Облыс прокуратурасының ұсынысын қарау нәтижелері бойынша БҚО бойынша Тәртіптік кеңесінің  09.12.13  жылғы шешімімен «Еңбек» РМК реабилитациялық басқарушысына «Еңбек-Орал» РМК БҚФ директорын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.

Дін

Облыс прокуратурасымен 01.07.13 жылы  бас бостандығынан айыру орындарындағы діни ахуалды сауықтыру шараларының жоспары жасақталып, іске асырылды, оны жүзеге асыру барысында 4 аз қамтылған отбасыға 431 мың теңге әлеуметтік жәрдемақы төленді,  1 сотталған тұлғаның анасы жұмысқа орналастырылды,  мектепке дейінгі жастағы 6 балаға оқу жылының алдында 56 мың теңгеге  мектеп киімі мен құрал-жабдықтар («Мекепке жол» бағдарламасы бойынша) сатып алынды,  оқу жылының барысында  ыстық тағаммен қамтылып, 5 бала медициналық тексеруден өткізілді.  

Жұмыс нәтижесінде салафизм  идеясын ұстанған сотталғандардың отбасының 2 мүшесі өзінің теріс ойларынан бас тартып, хиджаб киюді тоқтатқан.

Сонымен қатар, жедел профилактикалық есепте тұрған 26 тұлғаның ішінен 12-сі радикалдық иедеялардан бас тартып, дәстүрлі мазхабқа бейімделді, қалғандарымен теолог мамандар жұмыс жүргізуде.

Облыс прокуратурасымен 25.06.13 жылы ҚР Бас прокуратурасына ұсыныстар түсіріліп, 2013-2014 жылдарға арналған ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудің Мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. 

Сотталғандарды жұмысқа орналастыру

Еңбекке жарамды соталғандардың саны, оның ішінде: төленетін жұмыстарда қызмет атқаратындары–жұмыс жасайтындар санынан 153 немесе  32,0 % құрайды.

Облыс прокуратурасымен БҚО бойынша ҚАЖД  және «Еңбек-Орал» РМК БҚОФ бірігіп бірнеше рет «Ашық есік күндері», сондай-ақ «Еңбек-Орал» РМК өнімдерінің тұсаукесері  өткізілді.

Нәтижесінде 2013 жылы «РМК» және 6 шаруашылық субъектілерінің арасында жалпы сомасы 2.433.517 теңгеге қоқыс контейнерлерін, бетонды тақталарды және металл құрылымдарын дайындауға келісім-шарттар жасалды.

Қазіргі таңда РУ-170/2 мекемесінің өнеркәсіптік аймағында металл құрылымдарын, ағаш өңдейтін цехтар мен тігін цехы жұмыс жасайды.

РУ-170/2 мекемесінде темір бетонды бұйымдар мен термоблокты кірпіштерді өндіру бойынша «Нартай» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды.

Осыған байланысты аталған мәселе бойынша барлық мүдделі тұлғаларды ҚАЖД мен облыс прокуратурасына хабарласуыңызды сұраймыз.

Көші-қон заңнамасы

2013 жылдың 4-ші тоқсанында Орал қ. прокуратурасымен Орал қ. ІІБ көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлерімен бірге 20.12.13 жылы ҚР Х  азаматы РУ 170/3 «Орал қ. 900 орынға арналған  қатаң тәртіптегі  түзеу колониясының құрылысы» нысанын салу үшін Өзбекстан Республикасының 15 азаматын заңсыз тартқан.

23.12.13 жылы соттың қаулысымен шетел азаматтары  қамауға алу түріндегі жазалаумен ҚР ӘҚБтК 394-бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Х. сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 396-бабының 1-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу