«Күн тәртібінде: Бизнесті қорғайық».

13 сәуiр 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Күн тәртібінде: Бизнесті қорғайық». - 735127426

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі мен облыс прокуратурасының алқа отырысы мен кәсіпкерлерді қорғау бойынша кеңес отырысында бизнесті қорғау саласындағы өзекті мәселелері қаралды.

Алқа отырысына облыс әкімі А. Көлгінов, облыс прокуроры С. Нұрпейісов, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша уәкіл Б. Палымбетов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы департаментінің директоры Е. Үстеміров, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша кеңестің төрағасы К. Қапанов, құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, Кеңес мүшелері, бизнес құрылтайшылары мен БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Аталған шара алғаш рет облыс прокуратурасының «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында онлайн режимінде көрсетілді.

Бірлескен шараның барысында кәсіпкерліктің еліміздің экономикасының негізгі құрылымы екендігі атап өтілді. Кәсіпкерліктің дамуы тұрғындардың әлеуметтік тұрақтылығы мен жұмыссыздық деңгейімен тығыз байланысты, сондай-ақ қылмыс пен құқықтық тәртіптің жай-күйіне әсер етеді.

Елбасының соңғы Жолдауы бизнесті дамытуды, салық заңнамасын қысқартуды, бақылау-қадағалау қызметтеріне кеңінен ревизия жүргізуді айқындаған болатын. 

Бас прокуратураның Жол картасының шеңберіндегі қолданылып жатырған жүйелі шаралар бизнеспен айналысуға оң жағынан әсер ете алды. Санитарлық және өртке қарсы талаптар қысқартылды. Экономикалық қылмыстармен байланысты қудалау тәжірибесі қайта қаралды. Бизнесті қылмыстық процеске тарту қысқарды.

БҚО прокуратурасының бизнесті қорғау бойынша жұмысы облыстық кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимыл жүргізуі арқылы жүзеге асырылуда. Тұрақты түрде кәсіпкерлердің қатысуымен шаралар мен акциялар өткізілуде. Әкімшілік кедергілерді анықтау және жою бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

2016ж. прокуратура органдарымен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау бойынша 12 тексеріс жүргізілді, оның барысында 117 заң бұзушылық анықталды, оны жою мақсатында 36 прокурорлық ықпал ету актілері енгізілді, тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке 19 тұлға, 146 кәсіпкерлердің құқығы қорғалды.

БҚО бойынша экономикалық қылмыстардың тіркелуі 2 есеге азайды (2016ж. 77, 2015ж.-108, 2017ж.1 тоқсаны-12, 2016ж. 1 тоқсаны-32).

Жалпы алғанда, облыста соңғы 5 жылда бизнесті тексеру 3 есеге азайды (2011ж. 9998-ден  2016ж. 3279-ге дейін).

Сондай-ақ, бизнесті дамуына теріс әсерін беретін кедергілерде орын алаып тұрады. Бұлар: мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар төрешілдігі, жасанды әкімшілік кедергілерді жасау, негізсіз жүргізілетін тексерулер, сапасыз мемлекеттік қызмет көрсету, әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту және т.б.

Ұлттық экономика министрлігімен бизнесті жүргізу бойынша қолайлылық жағдайына жүргізілген әлеуметтік зерттеулерінің нәтижесінде біздің облысымыз он үшінші орында тұр.  Бұл жағдайды дұрыстау үшін кешенді шаралар жүргізу қажет.

Осыған байланысты, облыс әкімдігі мен өңірлік кәсіпкерлер палатасына «Іскери климат-2016» ғылыми зерттеуінің нәтижелерін егжей-тегжейлі зерделеу, бизнестің жағдайын жақсарту мақсатында өңірлік Жол картасын дайындау, жағдайды түбегейлі өзгертуге бағытталған шараларды әзірлеу ұсынылды.

Жалпы алғанда, бизнесті  қорғау саласына негізгі бағыт ретінде облыстағы іскери жағдайды жақсарту, кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартуды болдырмау, әкімшілік кедергілерді азайту және т.б. болып табылады.

Бірлескен шараның нәтижесінде ұсыныстар мен тапсырмаларды орындау бойынша Жоспарды бекіту туралы шешім қабылданды.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу