А. Көшекбаеваның өтініші бойынша өткізілген брифингтің баспасөз ақпараты

15 ақпан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 12 қаңтарында бұқаралық ақпарат құралдарында Ж. Көшекбаевтің анасы А. Көшекбаеваның РУ-170/2 мекемесінің қызметкерлерін өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ олардың оның баласына қатысты заңсыз әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы Қазақстан Республикасының Президентіне жолдаған бейнежазбасы жарияланды.

Осыған байланысты, облыс прокурорының өкімімен өтініште көрсетілген уәждерді тексеру үшін топ құрылды.

Арызда бірқатар мәселелердің көрсетілуіне байланысты, тексеріс 2 бағытта жүргізілді.

1 бағыт- БҚО ҚАЖД-нің қызметкерлерімен қылмыстардың жасалуы.

Осы бағытта сотталушы Ж. Көшекбаевтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы прокурордың қаулысымен ол Орал қ. тергеу изоляторына ауыстырылды.

2 бағыт-сотталушыны ұстау бойынша жағдайдың жасалуы.

Прокуратурамен барлық уәждерді тексеру үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың мамандары тартылды.

Барлық тергеу және тексеру әрекеттері  «Қазақстан халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюросы» филиалының директоры және Ұлттық алдын алу тетігінің мүшесі П. Кочетковтың қатысумен жүргізілді.

Бірінші бағыт бойынша жүргізілген тексерістің нәтижелері.

Облыс прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасымен Ж. Көшекбаевқа қатысты азаптау әрекеттері және сотталушылардың өз-өзіне қол жұмсауына жеткізу деректері бойынша  ҚР Қылмыстық Кодексінің 146-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (азаптаулар, адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Жауапталған Ж. Көшекбаев оған қатысты азаптау әрекеттері болмағандығын және басқа сотталушыларға қатысты азаптау әрекеттерін көрмегендігін, алайда сотталушы Ж. Үсенов, А. Богамаздан сотталушы Н. Бекмергеновті мекеменің қызметкерлері М. Есенгелдин мен А. Мурзашевтің жүйелі түрде азаптауын көргендігін, кейін сотталушы бұл әрекеттерге шыдай алмай, 2016 жылдың тамыз айында асылып қалу арқылы өз-өзіне қол жұмсағандығын естігендігін айтты.

Мекеменің әкімшілігіне шағым жазуға  оның анасы мен мекеменің қызметкерлері арасында келіспеушіліктің болуы себеп болған.

16.01.2017ж. сот медициналық сараптамасының (бұдан әрі-СМС)  қорытындысына сәйкес Ж. Көшекбаевтің денесін қарау кезінде ешқандай жарақат анықталмаған.

Сотталушы Ж. Үсенов мекеменің әкімшілігінің тарапынан оған қатысты азаптаудың болмағандығын айтты.

Мекеменің қызметкерлері М. Есенгелдин мен А. Мурзашевтің тарапынан сотталған Н. Бекбергеновке қатысты азаптау әрекеттерін қолданудың жеке өзінің көрмегендігін, алайда сотталған А. Ерғалиев пен Е. Ақбатыровтың осы әрекетті көргендігін және соңғылардың естігендігін айтты.

СМС-ның 16.01.2017ж. қорытындысына сәйкес Ж. Үсеновтің денесін қарау кезінде ешқандай жарақат анықталған жоқ.

Сотталушы А. Ерғалиев пен Е. Ақбатыров қызметкерлердің тарапынан сотталған Н. Бекбергеновтың азаптауын көрмеген және оны растай алмайтынын көрсетті.

Ю. Плотников, А. Жұмағұлов, Б. Өтегенов, А. Миняйлик, К. Нұров, К. Ахонов, Ф. Мокшин сотталған Н. Бекбергеновпен жазасын өтегендігін, мекеме қызметкерлерінің тарапынан азаптау және қинау әрекеттерінің болмағандығын көрсетті.

Сотталған Ж. Көшекбаев жазасын өтеу кезінде өзін теріс жағынан көрсетіп, ішкі тәртіп пен режимнің талаптарын орындамаған.

Сондай-ақ ол 6 тәртіптік жауапкершілікке тартылған, соңғы 2 жауапкершілік БҚО ҚАЖД РК 170/2 ММ-де.

Тергеу нәтижесінде сотталғандарға қатысты азаптау әрекеттерін жасау деректері расталмады.

09.02.2017ж. облыс прокуратурасының арнайы прокурорымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағы (қылмыс құрамының болмауына байланысты) тоқтатылды.

Екінші бағыт бойынша жүргізілген тексерістің нәтижелері.

Арызда бірқатар мәселелердің көрсетілуін негізге ала отырып, арыз 22 тармаққа бөлінді.

Сотталған Ж. Көшекбаев ұстаудың тиісті деңгейде болмауы, асханада санитарлық нормалардың сақталмауы, сапасыз тамақтандыру, тиісті түрде емдемеу, арнайы киімді бермеу және т.б. туралы уәждері объективті түрде расталған жоқ.

Ж. Көшекбаевтің әкімшіліктің бөлмеге рұқсат берілген заттарды алып өтуі, оларды алу туралы актілердің толтырылмауы, «белсенді» сотталғандардың кезекшіліктен босатылғандығы туралы, шағым беру үшін әкімшіліктің кедергі келтіруі және балағат сөйлеулері бойынша мекеменің қызметкерлері мен сотталғандардың түсініктемелерін қоспағанда, басқа дәлелдемелердің жоқ болуына байланысты уәждерін растау және қарсылық білдіру мүмкін болмады.

Осыған байланысты, облыс прокуратурасымен  БҚО ҚАЖД-не ұсыныс енгізілді, қазіргі уақытта қарау сатысында.

 

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу