А. Көшекбаеваның өтініші бойынша өткізілген брифингтің баспасөз ақпараты

13 қаңтар 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 12 қаңтарында бұқаралық ақпарат құралдарында 08.09.2014ж. Тараз қаласының №2 сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 179-бабының 3-бөлігінің «в» тармағы яғни, iрi мөлшердегі мүлiктi жымқыру мақсатында жасалған қарақшылығы үшін 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, оны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған 09.05.1988ж.т. Ж. Көшекбаевтің анасы А. Көшекбаеваның РУ-170/2 мекемесінің қызметкерлерін өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ олардың оның баласына қатысты заңсыз әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы Қазақстан Республикасының Президентіне жолдаған бейнежазбасы жарияланды.

А.Көшекбаеваның өтінішіне сәйкес, оның баласы РУ-170/2 мекемесінің қызметкерлерімен сотталғандарға қатысты қылмыс жасаудың куәгері болған және оны қызметкерлердің аты-жөндерін көрсете отырып, растай алады.

Осыған байланысты, облыс прокурорының өкімімен көрсетілген уәждерді тексеру үшін топ құрылды.

Қазіргі уақытта облыс прокуратурасының арнайы прокурорларымен және «Қазақстан халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюросы» филиалының директоры Павел Михаилович Кочетковтың қатысуымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Тексеру барысында Көшекбаеваның және оның баласының уәждері егжей-тегжейлі тексеріліп, құқықтық баға беріледі.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу