Киікті қорғайық!

13 наурыз 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылдың 25 шілдесіндегі №969 қаулысымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2020 жылға дейін тыйым салынды.

Соңғы үш жылда жалпы облыста киіктердің саны 30 мыңнан 70,2 мыңға дейін көбейгендігі тіркелді, бұл көрсеткіш киіктердің көрші облыстарда көптеп таралуы республика киіктерінің санының 70% құрайды.

Киіктердің мүйізіне сұраныстың артуы айтарлықтай үрей тудырып отыр.

Жалпы алғанда, жүргізілген талдау уәкілетті және құқық қорғау органдарымен киіктерді сақтау, сондай-ақ оларды заңсыз жоюдың алдын-алу және ескерту бойынша қабылданып отырған шаралардың тиімділігінің төмен екендігін растап отыр.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, киіктерді заңсыз аулау және оның дериваттарын алу бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың тіркелуі 2014 жылмен салыстырғанда 5 есеге (2014 ж-4, 2016ж -19дерек), олардың ұшасын алу 4 есеге (35-тен 151-ге дейін), киіктердің мүйіздерін алу 7 есеге (70-тен 530-ға дейін) артып отыр. Тек ағымдағы жылдың 2 айында киіктердің 40 ұшасы, 176 мүйізі алынғаны анықталды.

Соңғы үш жыл ішінде киіктердің 248 ұшасы, 1117 мүйізі алынып, 558 киік атылып алынған.

Орал қаласы мен Зеленов ауданында 2015-2016ж.ж. 551 мүйізі алынған. Бұл браконьерлердің киіктің аталығын атып, мүйіздерді еш қиындықсыз облысымыздың көршілес 5 аумағы арқылы өтіп, Орал қ. тасымалдағанын көрсетіп отыр.    

Мысалы, 31.07.2015ж. Орал қ. Желаев ауылында Алматы облысының тұрғыны А. Жантуреев ұсталды, оның автокөлігінен 149 дана киіктің мүйізі табылды. А. Жантуреев сот үкімімен сотталды.

14.10.2016ж. Бөкей ордасы ауданында «Охотозоопром» инспекторларымен аудандық ІІБ учаскелік инспекторы Д. Әшімов ұсталды, оның автокөлігінен 14 киіктің мүйізі, 9 ұшасы табылды. Оған қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда.

Қазіргі уақытта прокуратураның бастамашылығымен «Киік қорғау» Жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыру шеңберінде киіктерді сақтау мақсатында бірнеше шаралар қабылданды, соның ішінде «Охотозоопром» ұйымына  өтімділігі жоғары  5 көлік құралы, 8 қарда жүретін техника берілді.

 Қорғау шараларының тиімділігін жоғарылату мақсатында заңсыз аң аулаудың алдын-алу үшін ғарыш серіктерін және пилотсыз ұшатын аппараттарды қолдану, киіктердің мезгілдік көшіп-қону картасын құрастыру мәселелері қарастырылуда.

 Қазірігі уақытта Жанақала, Ақжайық, Казталов және Бөкейорда аудандарында 52 инспектор, 22 автокөлік, 3 КУНГ жүк техникасы, 9 қаршана, 1 тікұшақ іске қосылды.

Аталған жобаның  негізгі мақсаты киік популяциясының сақталуын қамтамасыз ету, браконьерліктің алдын алу мен ескерту болып табылады.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу