Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасымен 2016 жылы қадағалау қызметінде атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз ақпараты

11 қаңтар 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Әлеуметтік-экономикалық саласында 774 тексеріс жүргізілді, 5,5 мың. заң бұзушылық анықталды, оларды жою мақсатында 1 мыңнан астам қадағалау актілері енгізілді, ол бойынша 469 заңсыз актілер оның ішінде 11 нормативтік құқықтық акті бұзылды, 28 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды, 2,5 мың тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды. 38 қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.  Бюджетке 4,2 млрд. теңгенің толтырылуы қамтамасыз етілді, мемлекетке құны 243 млн. теңге болатын мүлік қайтарылды.

Қадағалау қызметінде жобалық тәсіл белсенді түрде қолданылуда.

2016 жылдың тамызынан бастап облыс прокуратурасымен облыс әкімдігімен бірлескен 5 жеке жобасы мен Бас прокуратураның 5 жобасы жүзеге асырылуда.

Жүзеге асырылып жатырған әлеуметтік шиеленістің потенциалды ошақтарының қартасы өңірімізде қоғамдық-саяси жағдайдың бірқалыптылығын сақтауға мүмкіндік береді. Картаның енгізілуінен бастап 8 келелі мәселе өз шешімін тапты.

Жыныстық қолсұғылмаушылық саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл туралы жоба азаматтардың құқықтық мәдениеті мен санасын, сондай-ақ ата-ананың жауаптылығын арттыруға бағытталды. Басты мақсатымыз - кәмелетке толмағандарға қарсы күш көрсету қылмыстарын азайтуға қол жеткізе алдық, ағымдағы жылы олардың тіркелуі 29,4 % -ға төмендеді.

«Құмар ойынсыз қала» жобасы облыс орталығында жүзеге асырылуда және 2 жылға есептелді. Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, оның нәтижесінде өз еріктерімен айналымнан 40 ойын автоматы алынды.

 Мәжбүрлі түрде 38 автомат алынды. 18 онлайн – казиноның қызметі тоқтатылды. Мақсат- қала аумағында заңсыз ойын бизнесін 100 % -ға жою болып табылады.

 Сондай-ақ, мал ұрлығына қарсы іс-қимыл бойынша (өткен жылмен салыстырғанда мал ұрлығы 18 % -ға азайды) және «Табиғатты бірге қорғайық» (тұтыну қалдықтарын 101 мың. тоннадан 87 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік берді, өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратудың көлемін арттыру арқылы экологияға келтірілетін залал 72 % төмендеді) жобалар жүзеге асырылуда

Уәкілетті органдардың қызметін тиімді үйлестіру арқылы еңбек қатынастары саласында тұрақтылықты сақтай алдық. Жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылуын уақтылы анықтау және еңбек дауларын шешу бойынша әрекеттердің алгоритмі жасақталды. Осының нәтижесінде жалақы бойынша 25 жұмысшының алдындағы 283 млн. теңге берешек уақтылы өтелді. Наразылық акциялары орын алған жоқ.

Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарының құқықтарын қорғау бойынша оң нәтижеге қол жеткізе алдық. Мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыспен қамту орталықтарына бос жұмыс орындары туралы хабарламаудың 1,8 мыңнан астам дерегі анықталды, қабылданған шаралар бойынша 437 тұлға жұмысқа орналасты.

 Облыс прокуратурасының бастамашылығымен санитарлық және техникалық талаптарға сәйкес келмеген, қараусыз қалған 28 ауланың спорт алаңдары жабдықталды(5 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтырумен айналысу мүмкіндігі пайда болды).

 Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша пәрменді жұмыс жүргізілуде, қадағалау актісімен Ақсай қаласының әкімі А. Тржанова мен БҚО бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспекторы А.Сапаров атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Мемлекеттік органдардың басшыларымен әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың 3 дерегі, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарын жасаудың 30 дерегі, оның ішінде мемлекеттік органдардың басшыларымен 13 деректің орын алғандығы анықталды.

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау саласында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, тұрғындардың прокуратура органдарына сенім арттыру басты назарда болды. Құқық қорғау әрекеттерін үйлестіру шараларымен криминогенді жағдайдың тұрақтылығын сақтауға және аса ауыр қылмыстарды 12,7 %-ға, ауыр қылмыстарды 21,9%-ға дейін төмендетуге қол жеткізе алдық. 

 2016 жылдың тамызында облыс прокуратурасымен жеке меншікті қорғау және бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күрес бойынша ведомствоаралық жоспар әзірленді, осының нәтижесінде оларды тіркеу 14,4%-дан 7,9 %-ға, оның ішінде мал ұрлығы 18,4%-ға дейін төмендеді.

Ақша қаражаттарын азаматтық-құқықтық келісім-шарттары негізінде қарызға беру түрімен жасалатын алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жетілдіру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 2016 жылдың қорытындысы бойынша алаяқтық 29 %-ға (1082-ден 768-ге дейін) азайды.

Кезекші прокурорлардың жұмыстары жандандырылды, нәтижесінде қызметтік бөлмелерде азаматтарды заңсыз ұстау 24-тен 1-ге дейін, азаматтардың азаптау және тергеумен рұқсат берілмеген тәсілдеріне қатысты шағымдары 29-дан 8-ге дейін төмендеді.

  Процесс прокурорларының тиімді жұмысы бөтеннің мүлкін ұрлаумен, есірткі заттарын сатумен айналысқан 2 ұйымдасқан қылмыстық топтың, сондай-ақ Өзбекстан азаматтарын Қазақстаннан Ресейге заңсыз көші-қонымен айналысқан 1 трансұлттық ұйымдасқан топтың ұсталуына және сотталуына ықпал етті.

  Арнайы прокурорлармен айыптау үкімдері шыққан құқық қорғау органдарының 7 қызметкеріне қатысты 6 іс аяқталды.

2016 жылдың қарашасында Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының бастамасы бойынша өңірлік деңгейде алғаш рет «Азаптау және басқа да қатыгез қарым-қатынас пен жазалаудың түрлерін тергеу мен құжаттау принциптері. Стамбұл хаттамасы» атты халықаралық семинар өткізілді.

Шарада тергеудің халықаралық стандарттары, азаптауды құжаттаудың әдіс-тәсілдері айтылып, сондай-ақ жұмыс барысында туындайтын келелі мәселелер талқыланды.

Прокуратураның мемлекеттік айыптауды қолдау бойынша қызметі жасаған қылмысы үшін болатын жазаланушылық пен шешімнің заңды болуына бағытталды.

Прокурорлық қадағалау шараларымен 29 тұлғаға қатысты сот актілері заңға сәйкестендірілді. Мемлекеттік айыптаушылардың бастамасы бойынша соттармен заң бұзушылықтарға 24 жеке қаулы енгізілді, оны қарау нәтижесінде 4 дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Түрме тұрғындарын азайтуға бағытталған жұмыстың нәтижесінде оларды жазаға тарту 32,5%-ға дейін азайды. 282 күдікті прокурормен процестік келісім жасасты.

 Жазалардың орындалуын қадағалау саласында жүргізілген тексеріс нәтижесінде 17 сотталғанның конституциялық құқықтары қорғалды, қадағалау актілері бойынша 120 тұлға жауаптылыққа тартылды. Бас бостандығынан айырудың орнына айыппұлды тағайындау нәтижесінде 23 млн. теңге бюджетке түсті.

 «Колониядағы жұмыспен қамту-2017» түрме реформасын жүзеге асыру мақсатында пенитенциарлы мекемеге сотталғандардың жартысына жуығын жұмыспен қамтып отырған бірқатар шаруашылық субъектілері тартылды.

  Сондай-ақ, 2017 ж. арналған «Жағдайыңды жақсарту-өзіңнің қолында» жобасы жүзеге асырылуда, оның шеңберінде түрменің камераларына жөндеу және жабдықтау жұмыстарын, қамауға алынғандарды сапалы медицинамен қамтамасыз ету және олардың спортпен айналысуына мүмкіндік жасау жоспарлануда.

 Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету саласында азаматтық істер бойынша сот актілеріне наразылық келтіру арқылы мемлекеттің 233,6 млн.теңгеден астам қаражатының жұмсалуының алды алынды(апелляция-8,7 млн.теңге, кассация-224,9 млн.теңге).

 Мәміле мен жалған фирмаларды заңсыз деп тану бойынша сот тәжірибесін өзгерте алдық. Біздің бастамамыз бойынша Жоғарғы сотпен 2 іс бойынша жергілікті соттардың заңсыз сот актілері бұзылды, 3 кассациялық наразылық қарау сатысында (жалпы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын мәміле бойынша)

Жүргізілген қорытудан және ықпал ету актілерін енгізуден кейін тапсырыс берушілердің жосықсыз тапсырыс орындаушылардан 5 392 620 теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша тұрақсыздық айыбын мемлекеттің кірісіне өндіру туралы талабымен сотқа жүгінуіне және 16 тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тартуға қол жеткіздік.

Прокурорлардың өтінішхаты негізінде 88 азаматтық іс бойынша жеке ұйғарымдар енгізілді, нәтижесінде тәртіптік жауапкершілікке - 54, әкімшілік жауапкершілікке – 5 тұлға тартылды.

 Әкімшілік істерді қарау барысында анықталған бұзушылықтар нәтижесінде, прокурорлардың бастамасы бойынша 168 жеке ұйғарым енгізілді, 162 лауазымды тұлға тәртіптік, 2 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қадағалау актілері бойынша сот орындаушыларымен мемлекет кірісіне 165 млн.теңге өндірілді. Атқарушылық өндіріс саласында жалақы бойынша берешек 144 млн-нан 25 млн-ға дейін азайды, 2015 жылы 15 млн. әкімшілік айыппұл өндірілсе, а.ж. 62 млн.теңге өндірілді

Азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастыру бойынша жұмысты жақсарту мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық шаралар жүзеге асырылды. Жалпы алғанда, прокуратура органдарының қызметкерлерімен 2 985 (2 493) азамат қабылданды, 20 % өсіп отыр, басшылықпен 2 376 (1 491) азамат қабылданды, оның ішінде Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе, Казталов және Сырым аудандарының тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу