Ақжайық ауданының прокуроры О.Монтаевтің қатысуымен өткізілген брифинг

13 сәуiр 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақжайық ауданы прокуратурасының 2017 жылдың 1 тоқсанындағы жұмысы құқыққорғау қызметін күшейту, азаматтардың конституциялық құқықтарын  және мемлекет мүддесін  қорғауға, қылмыспен күресудің тиімділігін арттыруға бағытталды.

Әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалауды жүзеге асыруда  аудандық білім беру бөлімінде 2016 жылдың жана жылдық шыршасына сыйлықтарды сатып алу кезінде қолданыстағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарының сақталуына нәтижелі тексеру жүргізілді.

Прокурорлық ықпал нәтижесінде аудандық білім бөлімінің басшысы М.Зиналиев мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін атқарып отырған лауазымнан босатылды.

 Жергілікті полиция қызметінің 23 азаматты белгіленбеген жерде сауда жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулылары бұзылды, себебі жергілікті атқарушы органмен ондай жерлер айқындалмаған. Осыған байланысты, аудан прокуратурасымен ұсыныс енгізілді, қазіргі уақытта қаралу сатысында.

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңдылықты қадағалау саласы бойынша барлық бағыттағы қылмыстардың  45 % немесе 140-тан 77-ге, барлық бағыттағы ауыр қылмыстардың 83,3% немесе 6-дан 1-ге, ауырырлығы орташа қылмыстар 56,5% немесе 85-тен 37-ге, онша ауыр емес қылмыстар 50% немесе 18-ден 9-ға төмендеуі тіркелді. Атқарылған жұмыстардың негізінде  бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы 48,5% немесе 66-дан 34-ке, соның ішінде мал ұрлығы қылмысы 72,2% немесе 40-тан 11-не, алаяқтық 92,9% немесе 14-тен 1-ге, бұзақылық 50% немесе 4-тен 2-ге төмендеуі тіркелген.

 Ақжайық, Теректі, Сырым және Тасқала аудандары аумағында мал ұрлығы қылмыстарын жасап жүрген қылмыстық топ құрықталып, оның барлық 8 мүшесі қамауға алынып, қылмыстық іс аяқталу сатысында

Мемлекеттік айыптауды қолдау бойынша ақтау үкімі шығарылған жоқ және азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілері орын алған жоқ.

 Прокурорлық ықпал ету шараларымен сотты болған 8 тұлға жұмысқа орналастырылды. 

Атқарушылық өндірісін заңдылығын қадағалау саласында 2 тексерулер жүргізіліп, прокурорлық ықпалмен мемлекеттік кіріске 4 млн. теңге қайтарылды, 548 397 теңге әкімшілік айыппұлдар өндірілді.

 Жеке қабылдауда 49 азаматтар қабылданып, Ақжайық ауданының ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізілді.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу