2013 жылы облыс прокуратурасымен атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы баспасөз ақпараты (Орал қаласы, 24 қаңтар 2014 ж.)

06 тамыз 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың 24 қаңтарында облыс прокуроры С.Қарамановтың төрағалық етуімен Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы алқасының кеңейтілген отырысында облыс прокуратурасы органдары қадағалау қызметінің 2013 жылғы жұмыс нәтижелері қорытындыланды және алдағы жылдың міндеттері мен мақсаттары белгіленді.

Өткен жылы прокуратура органдарымен қадағалау қызметін жетілдіру, қылмыспен күресуде ведомствоаралық өзара әрекет жасауды жақсарту және құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде айтарлықтай жұмыстар атқарылды. 

2013 жылы прокуратура органдарымен барлық басым бағыттар бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды.

Прокурорлық тексерумен анықталған республикада алғашқы рет 33,5 млн. теңге мөлшерінде 262 қызметкерге жалақыны бірнеше рет кешіктіру фактісі бойынша «Металлоизделия» БК» ЖШС директорына қатысты айыптау үкімі шығарылды. Желтоқсан айында ІІД прокурорлық материалдары бойынша «Уральскдорстрой» АҚ қызметкерлеріне жалақыны төлемеу фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Бизнес субъектілерін заңсыз араласудан қорғау шаралары алынды. Өткен жылы прокуратура органдарына 58 кәсіпкер көмек сұрап жүгінді, олардың арыз-шағымдарын қарау нәтижесінде 2 703 шаруашылық субъектісінің  құқықтары қорғалды. Маусым айында сұрақтар үшін интернет-ресурста  тікелей телефон желілерін және арнайы құрылған электрондық поштаны пайдалану арқылы Кәсіпкерлер форумы өткізілді (200-ден астам қатысушымен). Қорытындылары бойынша бизнес субъектілерінің проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі тұрақты жұмыс тобы құрылды.

2013 жылға прокурорлық тексерулер нәтижелері бойынша бизнесті қорғау саласында 1200-ден астам бұзушылықтар анықталды, бизнес субъектілеріне негізсіз түрде жоспарсыз жүргізілген 40-тан астам тексерудің жолы кесілді, 2700 кәсіпкердің  құқықтары қорғалды. 

Барлық қала, аудан прокуратураларында  қызметі кәсіпкерлердің  құқықтарының бұзылу фактілерінің жедел жолын кесуге бағытталған  жедел топтар  құрылды.

Мемлекет бюджетіне келтірілген шығынның орнынтолтыру  мәселесіне баса назар аударылды. Жалпы алғанда мемлкетке 3 млрд. теңгеден астам  қаражат қайтарылды. Қадағалау актілері бойынша  жалпы сомасы 1,6 млрд. теңге 19 мемлекеттік сатып алудың қорытындысы  бұзылды, мемлекеттік органның 5 басшысы осы бұзушылықтар үшін атқарып отырған лауазымдарынан босталды.

Өткен жылы  прокуратурамен коммерциялық айналымға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тарту бойынша проблемалардың қатары көтерілді. Тексеру қорытындылары облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында қаралды.

Алынған шаралардың нәтижесінде  мемлекетке кадастрлық құны 1,2 млрд. теңге 124 287,6 га аумақта жерлер қайтарылды, бюджетке жер салығының 24,8 млн теңгесі  және 29 миллионнан астам ауыл шаруашылығы шығындары өндіріліп алынды, жер телімдерін беру туралы  әкімдіктердің 256 актісі бұзылды.

Жалпы сомасы  15 млн. теңге сомаға ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлерді түгендеу бойынша  жұмыстарды жалған орындау фактісімен БҚО жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы мен «БатысЖерLTD»  ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Прокурорлық тексерудің қорытындысы  бойынша  азаматтарға жер телімдерін өткізудің нәтижесінде  шаруа қожалығының басшысы М.Асановтың салық төлеуден жалтару фактілері анықталды. Прокурорлық ықпал ету  актісі бойынша  14 млн. теңге мөлшерінде  есептелген салықтың сомасы бюджетке толық көлемде өндіріліп алынды. Салық төлеуден жалтару фактісі бойынша  шаруа қожалығының басшысы М.Асанов ҚР ҚК 221-бабының 1-бөлімі бойынша Зеленов аудандық сотымен сотталды.

«Орал» ӘКК бұрынғы төрағасы Сапарғалиев және «АттисОралАгро» ЖШС директоры Нигишев агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын тұрақты дамыту, сондай-ақ азық-түлік тауарларының жедел қорын жинақтаумақсатында аймақтық азық-түлік тұрақтандыру қорын құру үшін жеміс-жидек өнімдерін (пияз, картоп, сәбіз) сатып алуға арналған 200 млн. теңгеден астам бюджеттік қаражатты ұрлау фактісі (ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлімінің «б» тармағы) бойынша сотқа берілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі  бойынша айтарлықтай жұмыстар ақарылды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзшылықтарын жасағаны үшін 122 тұлға тәртіптік  жазаға тартылды, соның ішінде 46 (37,7%) басшы. 32 қызметкер атқарып отырған лауазымдарынан босатылды. Прокурорлық тексерумен 240 млн. теңгені ұрлаған «Жайықжылуқуат» АҚ Бас директоры Нұрышевқа қатысты  сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстық іс қозғалды және тергелуде.

Өзіңізге мәлім,  бұдан басқа  прокуратурамен  Нұрышевқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Яғни, ол  «Спецкомплектация» біріктірілген ЖШС-мен жасалған келісім-шарттарды бұзу, тауарларды уақытында жеткізбегені үшін өсімпұлды өндіріп алу және сот тәртібінде  оны жосықсыз  жеткізуші деп танудың орнына  міндеттемелердің  әрекет ету мерзімін 10 айдан 1,5 жылға дейін негізсіз түрде ұзартқан, осылайша  100% әлеуметтік пакеті бар мекемеге  жалпы сомасы 235 млн. 905 теңге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірген.

Қарқынды жұмыс жасаудың нәижесінде бас бостандығынан айыру орындарында және жалпы аймақ бойынша экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған құқық қорғау, мемлекеттік органдардың шаралар Жоспары табысты түрде жүзеге асуда. Бүгінгі таңда біздер басқа уәкілетті мемлекеттік органдармен тығыз байланыс жасай отырып,  террорлық қылмыс үшін  жазасын өтеп жатқан 14 тұлғаның радикалдық идеялардан толық бас тартуына қол жеткіздік . Ол туралы «Жат ағымдармен арбалғандар» атты деректі фильм түсіріліп, біздің бастамамыз бойынша облыстың барлық аудандарын бейнеконфренцбайланыспен қосу арқылы жастардың қатысуымен  «Діни экстремизм: мәні жәнеоғанқарсы тұрудың түйткілді мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциядакөрсетілді. Кәмелет жасқа толмағандарды діни экстремизмге тартудың алдын алу мәселесіне алдағы жылы ерекше назар аударылатын болады.

*****

Прокурорлардың қадағалау қызметінде есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуына және барлық қылмыстардың 100%  тіркелуінің қамтамасыз етілуіне  айрықша назараударылды.

Прокурорлармен 116 жасырын қылмыс анықталып, қосымша есепке қойылды.

Қылмысты есепке алуды жасырғаны үшін  Орал қалалық сотының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі  үкімімен  бұрынғы учаскелік полиция инспекторлары Тимченко В. және  Османов А. кінәлі деп танылды. 

Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 179 лауазымдық  тұлға,  соның ішінде  қылмыстық ізге түсу органдарының 19 басшысы  тәртіптік жауапкершілікке  тартылды.

Қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды.

Азаматтардың  конституциялық құқықтарын қорғау шеңберінде «Прокурорлар кабинетінің» мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылды.   Ішкі істер органдарының  қызметтік орындарында заңмен белгіленген мерзімнен артық  заңсыз қамауда ұсталған 35 азаматтың  конституциялық құқығы қорғалды.

2 азаматқа қатысты  жәбір көрсеткені үшін Орал қ., Ақжайық және Жаңақала аудандары  ішкі істер органдарының 5 қызметкері бас бостандығынан айырылды.

5 әкімшілік ұсталған азаматты заңсыз еңбекке тарту фактілері анықталды, енгізілген прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 3 полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Орал қаласының аумағында облыс және  қала прокуратурасы қызметкерлерінің арасынан құрылған жедел топтар жұмыс жасайды, олар кешкі және түнгі тексерулерді ұйымдастырады, онда стационарлық және учаскелік полиция пункттері, қылмыстық ізге түсу органдарының қызметтік орындары, уақытша ұстау изоляторы және арнайы қабылдағыштар қамтылады.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғаны үшін  қылмыстық ізге түсу органдарының 40 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында заңдылықты сақтау  мәселесіне басты назар аударылды. Аталған мәселе облыс прокуратурасының алқа отырысында қаралды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтаудың өсімі 183% (77-ден  218-ге дейін) құрады.     Прокурорлық қадағалау шараларымен Л.Ахмедьяровты өлтіруге қастандық жасау  фактісі бойынша алдын ала тергеуді аяқтау мен  қылмыстық істі жолдау қамтамасыз етілді. Айыптау үкімі шығарылған 4 тұлға құрамында ұйымдастырылған қылмыстық топ   әшкереленді.

Терроризмге қарсы тұру мәселесі бойынша жұмыстар атқарылды. Таяу Шығыста террорлық қызметті қаржыландыру мақсатында Орал қаласының «Алло» дүкенінің сатушысына қарақшылық шабуыл жасаған салафизм ағымын ұстанушылар Жанисенова, Лекешова, Каримулинге қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Террорлық қызметті қаржыландыруға қатысқаны үшін Кисметов, Сексенгалиев, Битимбаев  3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ағымдағы жылы дәстүрлі емес  ислам дінін ұстанатын бірқатар тұлғалар жалпы қылмыстық  қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

Аңшылық шолақ мылтықты заңсыз сақтағаны үшін Р.Абдуловқа 2 жылға шектеу жазасы тағайындалды, облыс прокуратурасының қызметкерін  соққыға жыққаны үшін А.Орақбаев  4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаратөбе аудандық мешітінің имамыА.Бекказиевтің  денсаулығына  зиян келтіргені үшін салафизмнің жақтаушысы Н.Нысановқа 3 жылға шектеу жазасы тағайындалды.

Есірткілік заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды анықтау бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіруде жүйелі түрде жұмыстар жалғастырылуда.

Құқық қорғау органдарымен 150 есірткі қылмысы анықталды, оның 122-і есірткілік заттарды өткізу және тасымалдау мақсатында сақтаумен байланысты, есірткі контрабандасының 3 фактісі анықталды, 2 ескірткі ұрлау қызметінің,1 ҰҚТ жолы кесілді, заңсыз айналымнан 101 кг-нан астам есірткілік зат алынды және 114 кг-ы жойылды.

Оңтүстік Қазақстан облысынан аймаққа есірткіні жеткізу каналының жолы кесілді, Ресейге 25 кг героинді жеткізуді жоспарлаған Исмаилов пен Жангаскиев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына 700 грамм героин контрабандасының жолы кесілді., ҚР ҚК 250-бабының 4-бөлімі бойынша Зинина мен Тащаниноваға қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда.

Шымкент қаласынан Орал қаласына героинді тасымалдау бойынша ұйымадсқан қылмыстық топты құрған Скачкова, Сапарбаев, Немолочноваға  ҚР ҚК 235-бабының 1-бөлімі, 259-бабы 4-бөлімінің «а» тармағы бойынша қылмыстық іс  сотпен қаралу сатысында.

Қосымша тергеу өндірісі үшін соттармен қайтарылған істердің саны екі есеге азайды (31-ден 16-ға дейін), соттармен шығарылған жеке қаулылардыңсаны 35%-ға азайды (49-дан 32-ге дейін).

Прокурорлармен қылмыстық ізге түсу органдарының 960-тан астам заңсыз қаулысы бұзылды.

*****

Өткен жылы  прокуратураның мемлекеттік айыптау  жөніндегі қызметі  бұлтартпау жазасын қолдану мен заңды шешім қабылдауға ықпал етуге бағытталды.

«Сот алқабилерінің қатысуымен соттағы ең үздік мемлекеттік айыптаушы» республикалық байқаудың қорытындысы бойынша  А.Молдағалиева мен Р.Аминов айрықша аталып көрсетілді,  Аминов Руслан Бас прокурордың мерейтойлық медалімен марапатталды.

Жазалау тәжірибесі 44%-дан 39%-ға төмендеді.Бас бостандығын шектеу жазасын тағайындау 33%-ға, шартты түрде соттау 11%-ға өсті. Ең алдымен, мұндай көрсеткіштер қылмыстық саясатты гуманизациялау және түрмедегі халықтың санын азайту тұжырымдамасын кезеңдеп іске асыру шеңберінде мемлекеттік айыптаушылардың  соттарда дұрыс бағыт беруімен байланысты.

Қоғамның назарын аудартқан тілші Л.Ахмедьяровқа қастандық жасау сияқты бірқатар істер бойынша  айыптауды сапалы қолдау қамтамасыз етілді. Жылқыларды ұрлау фактісі бойынша мойындау жауаптарын алу мақсатында облыс тұрғындары Е.Досумов пен Ж.Отызбайға жәбір көрсеткені  үшін 5 полиция қызметкері кінәлі деп танылып, сотталды.  Бұрынғы БҚО туризм және спорт басқармасының бастығы М.Оңдағановпен құрылған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот талқылауы аяқталу сатысында.

Кассациялық наразылық бойынша  бірігіп ішімдік ішу барысында азамат Выдринды өлтірген Айтбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралуда. 

Алғашқы рет республикада Орал қ. ТК-16-да Жалиевтің басшылығымен трансұлттық қылмыстық қауымдастықты қаржыландыру бойынша айыптау үкімі шығарылды.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 32 лауазымдық тұлға сотталды, соның ішінде  9-ы – ішкі істер органдарының қызметкерлері, 3-уі - салық органдарының қызметкерлері, 4-уі -  қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері, 5-уі – азаматтық қызметкерлер, 11-і – басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлері, соның ішінде 5 басшы.

Облыс тұрғындарының арасында қоғамның назарын аудартқан істер бойынша сот актілерін бұзу және соттау шаралары алынды. Олардың ішінде 600 млн. теңгеден астам сомаға мемлекеттік астықты ұрлаған Жаркеевке, есірткіні  өткізуші Бикитеевке, сондай-ақ күдіктіге зорлық-зомбылық көрсеткені үшін полиция қызметкері Ерошевқа қатысты істер бар.

Прокурорлық қадағалау шараларымен барлығы  64 тұлғаға қатысты сот актілері  заңға сәйкестендірілді.

*****

Прокуратура органдарының  азаматтық, әкімшілік істер және атқарушылық өндіріс бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі негізгі бағыттарын есепке ала отырып, БҚО прокуратурасымен заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде айтарлықтай жұмыс жүргізілді.

Облыс прокуратурасының органдарымен 3,5 мың азаматтық істер,  соның ішінде мемлекет мүддесі, жұмысқа қайта орналастыру және жалақыны өндіру, ата-ана құқығынан айыру, шектеу, бала асырап алу бойынша прокурордың қатысуы  қамтамасыз етілді. 

Осы істер бойынша прокуратура органдарымен аппеляциялық және кассациялық тәртіпте 38 заңсыз сот шешімдеріне наразылық берілді.

Прокурорлық ықпал ету шаралары бойынша 410 млн. теңге мемлекет шығынына жол берілмеді, мемлекет пайдасына  9 млрд. теңгеден астам сома өндіріліп алынды,  соның ішінде  «БМ» ЖШС-нен 8 млрд. теңге өндірілді, аталған іс  спирт зауытымен байланысты, ол бойынша оны мемлекет жеке меншігіне айналдыру шаралары алынуда. Келтірілген экологиялық  шығын үшін  мемлекетке  прокурордың талаптары бойынша  жер қойнауын пайдаланушылардан 800 млн. теңге өндіріліп алынды.

Наразылықтар бойынша прокуратура Облыстық клиникалық ауруханаға 38 млн. теңге тұратын жаңа медициналық құрал-жабдықты жеткізуге«Интерфарма-К» АҚ-ын міндеттеді. «Чапаев-Жалпақтал-Казталовка»  автокөлік жолдарын жөндеуге  «Уральскдорстрой» АҚ-ын міндеттеді.

Аймақта медиация институтын дамыту жобасы іске асырылуда.  Бұл тараптардың сотқа дейінгі бітімшершілігі, яғни арадағы дау-жанжалды медиаторлардың көмегімен шешуге болады.

Медиаторлардың арнайы сайты жұмыс жасайды. Азаматтық-құқықтық даулар бойынша тараптарды бітістірудің 120-дан астам рәсімі өткізілді. Орал қаласында медиаторлардың «Біріккен Медиация мен Бітімгершілік орталығы» және «Татулас» 2 қоғамдық бірлестігі жұмыс жасайды.

Облыс соттарымен 17 289 әкімшілік іс қаралды, 2012 жылмен салыстырғанда олардың саны 35%-ға артты, оның ішінде прокурордың қатысуымен 12 378.

Олардың ішінде 10 мыңға жуығы отбасылық-тұрмыстық саладағы және көліктегі құқық бұзушылықтар. Әкімшілік қамауға алу 5 мыңнан астам  азаматқа қатысты қолданылды, сонымен қатар көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 3 мыңнан астам тұлға арнайы құқығынан айырылды. 

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша  15 сот қаулысына наразылық берілді, соның ішінде  5-уі негізсіз босатылған және 2-уі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қадағалау қызметін іске асыру шеңберінде 141 тексеру жүргізілді, прокурорлардың актілері бойынша сот шешімдерін орындамағаны үшін атқару өндірісімен 72 борышкер әкімшілік жауапкершілікке  тартылды.

Ықпал ету шараларымен 310 млн. теңге өндіріліп алынды, атқару өндірісі бойынша борышкерлерге қатысты 3 қылмыстық іс қозғалды.

Облыста  әкелері қамтамасыз ету бойынша өзінің міндеттерін орындамаған  кәмелет жасқа толмағандардың мүддесін қорғауда   прокурорлармен«Балалар үшін бірге» акциясы өткізілді. Нәтижесінде бір ата-анаға қатысты  1 қылмыстық іс қозғалды,  алименттер бойынша 998 889 теңге  мөлшеріндегі берешек толық өтелді. Акция өткізілген кезеңде  борышкерлермен  2 млн. теңгеден астам алимент борышы өтелді.

57,4 млн. теңге мөлшерінде жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы 59 сот актілері орындалды.

*****

2013 жылдың 12 айына өткен жылмен салыстырғанда  1,5 есе көп заң бұзушылықтар анықталды, соның ішінде  сотталғандардың және тергеумен қамауға алынғандардың конституциялық құқықтарының бұзылуы 3 есеге көбейді. Осы мекемелер бойынша прокурорлық ықпал ету шаралары алынды.

Бүгінгі таңда қамауда ұстау орындарында жедел-режимдік және криминогендік жағдай тұрақты болып қалып отыр.

Соңғы орын алған жағдай бойынша 20.08.13 жылы  РУ-170/2 мекемесінде  62 сотталған тұлға өзіне зақым келтірді, ҚР ҚК 360-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол 25.11.13 жылы сотқа жолданды.

Сонымен қатар, сотталған азаматтарды қабылдау тиісті түрде ұйымдастырылды, жеке қабылдауда 705 сотталған тұлға болды, соның ішінде 63 адамды облыс прокуратурасының басшылығы қабылдады.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу