Жәнібек ауданы прокуратурасы семинар өткізді

06 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жәнібек ауданы прокуратурасы семинар өткізді  - 1233872778

  Жәнібек ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстық, әкімшілік істерді жүргізудегі өзекті мәселелер талқыланған семинар өткізілді.

  Семинарға аудан прокурорының м.а. Сәкен Молдашев, судья Нұрмұханбет Жұмәлі, полиция бөлімінің бастығының м.а. Айшуақ Сейтқазиев, тергеушілер мен учаскелік инспекторлар қатысты.

  2019 жылдың 8 айында ауданда 82 қылмыс тіркеліп, оның 26 сотта қаралып, 9 тұлға сотталып, 5 тұлға жауаптылықтан босатылғаны айтылды.

  Былтырғы жылмен салыстырғанда ауыр қылмыстардың өсуі байқалады. Бұл қылмыстар алкогольдық мас күйде жасалған және кейбір жағдайда полициямен профилактикалық жұмыстар жеткілікті жүргізілмеген.

  Мысалы, 2019 жылдың ақпанында Жәнібек ауылының екі тұрғыны мас күйде «Нұр» кафесінде азамат Т. күш қолданып, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтірген.

  Алған дене жарақаттарының салдарынан Т. ауруханада қайтыс болған.

  Аудандық соттың а.ж. 28 маусымдағы үкімімен И. мен С. ҚК-тің 106-бабы 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру), 293-бабы 2-бөлігімен (бұзақылық) 8 және 9 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

  Сонымен қатар, әкімшілік іс жүргізу кезіндегі кемшіліктерді болдырмау мәселелері қарастырылды.

  Осы жылы 83 әкімшілік істің сотта қаралып, олар бойынша 29 тұлғаға айыппұл салынып, 17 тұлға қамауға алынып, 10 тұлғаға ескерту беріліп және 27 тұлға татуласқанына байланысты жауаптылықтан босатылғаны сөз болды.

  Дегенмен әкімшілік істер 2018 жылмен салыстырғанда 22-ге азайған.

  Мысалы, 1 мамырда азамат А. мас күйде әкімдіктің қасында, яғни қоғамдық орында жәбірленуші Л. тиісіп, былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық білдіретін әрекет жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

  Соттың қаулысымен ӘҚБтК-тің 434-бабы бойынша (ұсақ бұзақылық) ол 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

  Семинардың соңында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасын тиімді жүргізіп, «нөлдік төзбеушілікті» қамтамасыз ету қажеттігі туралы нақты шешімдер қабылданды.

Жәнібек ауданы прокуратурасы семинар өткізді  - 505783809

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу