Жеңісті жақындатқан ТҰЛҒА

09 мамыр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жеңісті жақындатқан ТҰЛҒА - 36965136

Көптеген Ұлы Отан соғысының ардагерлері бейбіт өмірде де заңдылық пен ел тыныштығы жолында еңбек етті.

Олар біз үшін нағыз ҚАҺАРМАНДАР. Осындай ардагеріміздің бірі Иван Степанович Гапич біздің ортамызда.

Иван Степанович «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, сондай-ақ «Қызыл жұлдыз» және 3 дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.

Ол жеңіс күнінің жақындауына, әлемге тыныштық орнатуға үлес қосқан миллиондаған солдаттың бірі. Иван Степанович 1945 жылғы маусымдағы Қызыл алаңда өткен тарихи Жеңіс Парадына қатысушы.

Біздің Жеңіс Парадына қатысу құрметіне қалай ие болғаны туралы сұрағымызға Иван Степанович өзінің қарапайымдылығымен әрдайым қысқа түрде жауап береді.

Алайда, біз Жеңіс парадына қатысу үшін іріктеудің қатаң түрде өтетінін білеміз. Жасаған ерліктері және жеңімпаз-жауынгердің сымбатты дене тұрпаты, бойшаңдығы маңызды. Иван Степанович болса осы талаптардың толықтай сай келетін. Біздің қымбатты  майдангер  осындай!

Ал, прокурорлар, осындай аңыз адам біздің тәлімгеріміз болғанын мақтан тұтамыз. Ол прокуратура органдарының құрметті қызметкері және ардагері. Республикамыздың бірқатар аймақтарында ерен еңбек етіп, қарапайым тергеушіден облыс прокурорына дейінгі лауазымдарды атқарды.

Қазіргі уақытта Иван Степанович құрметті демалыста бола тұра, белсенді қоғамдық қызметті жалғастыруда, көптеген іс-шараларға қатысады, онда ол өзінің баға жетпес еңбек және өмірлік тәжірибесімен бөліседі, сондай-ақ жас ұрпаққа Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен өз ісіне адалдық сезімін береді.

Әрине, Иван Степановичтің өмір жолы ең жоғарғы марапатқа лайық. Сондықтан, Мемлекет Басшысының Жарлығымен  және Бас Прокурорының бастамасымен «Отан қорғаушылар күні» қарсаңында ол жоғарғы мемлекеттік награда – «ДАҢҚ» II дәрежелі орденімен марапатталды.

Иван Степановичке және басқа ардагерлерімізге Ұлы Жеңіс пен бейбіт өмір сыйлағандары үшін алғысым шексіз.

Оларға ұзақ өмір, береке және көрер қуаныштары таусылмасын деп тілейміз.

https://www.facebook.com/zko.prokuratura/videos/600357177498868/?vh=e&d=n