Жалған айғақ беріп, заңды жазасын алды

06 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жалған айғақ беріп, заңды жазасын алды - 372300348

  Жаңақала ауданы прокуратурасымен ақтау негізінде тоқтатылған ауыр санаттағы қылмыстық іс бойынша қабылданған заңсыз шешім бұзылып, іс сотқа жолданып, кінәлі тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

  2018 жылғы 21 желтоқсанда сот үкімімен азамат Г. шаруа қожалығының жалпы құны 29,7 млн. теңге болатын 133 бас жылқысын және 17 ірі қара малын жымқырғаны үшін ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) жеті жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

  Тергеп-тексеру барысында сотталушының заңсыз тәсілмен табылған қаражатқа «Toyota Land Cruiser» автокөлігін сатып алғаны анықталған.

  Бірақ, ол қылмыстық жолмен табылған мүлікті жасыру мақсатында көлікті танысы Н. атына рәсімдеген.

  Тергеу кезінде куә Н. жалған жауап беріп, автокөліктің өзінікі екендігін көрсеткен. Сондықтан оған қатысты ҚК-тің 420-бабы 2-бөлігімен (көрiнеу жалған айғақтар беру) қозғалған іс қылмыс құрамы болмауына байланысты тоқтатылған.

  Алайда, прокурормен қылмыстық іс құжаттарын зерделеу барысында Н. жалған жауап бергендігі толық дәлелденді.

  Сол себепті тергеушінің қылмыстық істі ақтау негізінде тоқтату туралы заңсыз қаулысы бұзылып, қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданды.

  2019 жылғы 15 маусымдағы Н. сот үкімімен ҚК-тің 420-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде сотталды.

  Сот актісі заңды күшіне енді.

  Сонымен қатар, прокурордың өтінішхатының негізінде облыстық соттың апелляциялық алқасымен Г. қатысты үкім өзгертіліп, «Toyota Land Cruiser» көлігі мемлекет меншігіне тәркіленді.

  Прокурордың ұсынуымен полиция бөлімінің тергеушісі мен бөлім бастығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу