Заңсыз ұсталған азамат прокурормен босатылды

15 қаңтар 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

  

Ақжайық ауданының прокуратурасымен ағымдағы жылдың 11 қаңтары, сағат 22.23-те  Ақжайық АІІб жедел уәкілінің  қызметтік кабинетінде азамат  Т.К.Хусаиновтің ҚР ҚІЖК-нің 134 бабының талаптарына қайшы заңсыз ұстау фактісі және оған қатысты сезіктіні ұстау туралы хаттаманың толтырылмағандығы анықталды.

Анықталғаны, аталған азамат 1 бас жылқы малының ұрлығы бойынша Ақжайық АІІб-не 19.10 сағатта сезікті ретінде жеткізілген.

Ұсталған азаматтың жасалған қылмысқа қатыстылығы туралы дәлелдемелік базаның жоқ болуына орай прокуратура қызметкерлерімен жоғарыда аталған тұлға босатылды.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша аудандық прокуратурамен тергеуге дейінгі тексеру шаралары жүргізілуде, қорытындысы бойынша заңсыз ұстауды жүзеге асырған полиция қызметкерлеріне қатысты прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданатын болады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу