Заңға салғырт қарағаны үшін жауапкершілік

09 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Заңға салғырт қарағаны үшін  жауапкершілік - 2061408217

Тасқала ауданының прокуратурасымен Тасқала аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторларының 2019 жылдағы қызмет атқаруларын талдау барысында елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу (ӘҚБтК-тің 505-бабының 1-бөлігі) бойынша негізсіз 47 тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартқаны анықталды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-2)-тармақшасына сәйкес мәслихаттардың құзыретiне қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту жатады.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» жаңа №33-4 шешімі 2020 жылғы 18 наурызда қабылданып, 2020 жылы 28 наурызда заңды күшіне енген.

Осылайша, Тасқала аудандық учаскелік полиция инспекторлары заң талаптары қолданысқа енбегенін біле тұра, қызметтеріне салғырт караумен 47 тұрғынды негізсіз жауапкершілікке тартқан.

Аудан прокурорының қадағалау актісі негізінде заңсыз салынған 47 әкімшілік қаулының күші жойылып, учаскелік полиция инспекторлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.