Үлгілі сот процесі өткізілді.

22 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Аудандық прокуратураның бастамасымен Теректі ауданының сотында аудандық пробация қызметінде тіркеуде тұрғандардың қатысуымен үлгілі сот процесі өткізілді.

Пробация қызметінде тіркеуде тұрғандардың бостандығына шектеу қойылғанан кейін құқықбұзушылық жасағанын мойындады. Бұл қылықтарына негізгі себебі, сотталушының сөздері бойынша – ішімдік.

Сотпен қаралған істің нәтижесінде бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру бойынша пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды.

Енді сотталушы жазасын "абақтыда" өтейтін болады.

Прокуратура пробация қызметінің барлық тіркеуде тұрғандардың заңда қарастырылған ережелер мен қағидаларды сақтамаған жағдайда қатаң жаза қолданатынын ескертеді.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу