Үкім заңды күшіне енді.

20 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кейбір басшылар пайда табу мақсатында қылмыс жасауда.

Сонымен Д. Оралымбетов БҚО бойынша «Қазгидромет» кәсіпорнының филиалының директоры бола тұра, 2015-16ж.ж. филиалдың қызметкерлеріне сыйақы беру туралы бұйрық шығару арқылы 1 541 000 теңгені жымқырған.

Сондай-ақ, жұмысшының жалақысына үстемақы төлеу арқылы 1 638 592 теңгені жымқырған. Бұдан бөлек, 2016ж.іссапар мерзімін негізсіз ұзарту немесе жалған іссапарды рәсімдеу арқылы мемлекетке тиесілі 1 588 901 теңгені жымқырған.

 Оралымбековтің кінәсі сотта дәлелдемелерді зерттеу арқылы расталып, қалалық соттың 06.09.2017ж. үкімімен кінәлі деп танылды.

Сот Оралымбетовтің қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркілеп, өмір бойы мемлекеттік органдарда лауазым атқару құқығынан айырып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.Үкім заңды күшіне енді.

          Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу