«Тілдің үштұғырлығы – ұлт тірегі» байқауы өткізілді

17 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Тілдің үштұғырлығы – ұлт тірегі» байқауы өткізілді - 890812828

  Батыс Қазақстан облысының прокуратурасында алғаш рет қызметкерлер арасында «Тілдің үштұғырлығы – ұлт тірегі» байқауы өткізілді.

  Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай ұйымдастырылған байқау 3 кезеңнен тұрды.

  «Тұсаукесер» кезеңінде қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары туралы сұрақтарға қазақ тілінде, «Ұлттаным» кезеңінде қазақ елінің аймақтары, ұлы тұлғалары туралы сұрақтарға орыс және ағылшын тілдерінде жауап берді.

Қатысушылар соңғы «Өнертаным» кезеңінде жаңылтпаштарды үш тілде жаңылмай айтудан жарысты.

Қазылар алқасы шешім шығару барысында олардың тілдерді меңгеру деңгейін, орфоэпиялық нормалардың дұрыс дыбысталуын және сахналық шеберлігін бағалады.

 Нәтижесінде бірінші орынға облыс прокуратурасының бас маманы Алмагүл Ибрашеваекінші орынға Орал қ. прокуратурасының прокуроры Ернат Мақсотовүшінші орынға Бөрлі ауданы прокуратурасының іс жүргізушісі Ақгүл Тулембетова ие болды.

   Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларға алғыс хаттар мен  сыйлықтар  табысталды.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

«Тілдің үштұғырлығы – ұлт тірегі» байқауы өткізілді - 2005330343
«Тілдің үштұғырлығы – ұлт тірегі» байқауы өткізілді - 1468373351
«Тілдің үштұғырлығы – ұлт тірегі» байқауы өткізілді - 1967703600
«Тілдің үштұғырлығы – ұлт тірегі» байқауы өткізілді - 457217030
«Тілдің үштұғырлығы – ұлт тірегі» байқауы өткізілді - 684001714

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу